gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Сыбаға» бағдарламасына 28 шаруақожалығы қатысуда

3 августа, 2022
in Қоғам
0
«Сыбаға» бағдарламасына 28 шаруақожалығы қатысуда
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданы облыстағы ірі аграрлы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда  бұл өңірде 5189  агроқұрылым жұмыс істеп, еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Айта кетейік, былтыр жалпы 68,6 мың гектар егістік жер игерілсе, ағымдағы жылы 68,7 мың гектар егістік жерге егін егілді. Тарқатып айтар болсақ, 2021 жылы астық – 37,6 мың гектарға, бұршақты дақылдар – 0,5 мың гектарға, майлы дақылдар – 1,8 мың гектарға, бақша – 1,2 мың гектарға, картоп – 4,0 мың гектарға, көкөніс – 10,5 мың гектарға, жеміс-жидек – 3,3 мың гектарға, мал азығы — 9,0 мың гектарға, жылыжай – 674 гектарға егілді. Ал, биыл астық – 41,4 мың гектарға, бұршақты дақылдар – 0,5 мың гектарға, майлы дақылдар – 1,5 мың гектарға, бақша – 1,2 мың гектарға, картоп – 4,0 мың гектарға, көкөніс – 10,4 мың гектарға, мал азығы — 9,0 мың гектарға, жылыжай – 674 гектарға егілді.

Облыс әкімінің бастамасымен  қолға  алынған 1 алқаптан жылына  2 – 3 өнім алу жобасына 2021 жылы 499 шаруақожалығы қатысса, ағымдағы жылы 608 агроқұрылым қатысып отыр. Сәйкесінше, жер көлемі 1010 гектардан 1601 гектарға ұлғайып отыр.

Шаруалар 683,2 гектар жылыжайда көкөніс өндіріп, еліміздің солтүстік өңірлері мен көрші мемлекеттерге көкөністерін саудалауда. Биылғы  жылдың  6айының қорытындысына сәйкес, ауданда үй жануарларының саны айтарлықтай артқанын байқауға болады. Атап айтар болсақ, 2021 жылы ірі қара мал 65542 бас болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 79379 басқа жеткен. Ал, қой 475720 бастан 638850 басқа, ешкі18404 бастан 25649 басқа, жылқы17978 бастан 21224 басқа, түйе115 бастан 132 басқа, құс 551661 бастан 537483 басқа артты.

«Сыбаға» бағдарламасына 2021 жылы 27  шаруақожалығы қатысса, 2022 жылы  28 шаруақожалығы қатысуда. Ал, «Алтын асық» бағдарламасына  өткен жылы 118 шаруақожылығы, биыл 123 шаруақожалығы қатысып мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды (субсидия) алып отыр.

Шаруалар мен кәсіпкерлер тынымсыз, еселі еңбектерінің нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуде. Мәселен, 2021 жылы 105055,7 млн теңгеге ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Оның77652,1 млн теңгесі өсімдік шаруашылығына, 27172,8 млн теңгесі малшаруашылығына тиесілі болды.

Ал, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 47535,8 млн теңге көлеміндеауылшаруашылық өнімдері өндіріліп, жоспар 102,8 пайыз, яғни артығымен орындалды.

Өткен жылы ауылшаруашылық саласына 3022,8 млн теңге, ал 2022 жылдың 6 айында 3573,4 млн теңге көлемінде инвестиция тартылып, межеленген жоспар өткен жылдың осы уақытымен саластырғанда 113,2  пайызға, яғни, артығымен орындалды.

Тамақ өнеркәсібіне 2021 жылы 211,3 млн теңге инвестиция тартылса, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысымен тартылған инвестиция көлемі 235,3 млн теңгені құрап, жоспар 106,7 пайызға, яғни артығымен орындалды.

2021 жылы 87 бірлік ауылшаруашылық техникалары жаңартылса, ағымдағы жылдың 6 айында  46 бірлік ауылшаруашылық техникалары алынды. Жоспар бойынша биылғы жылы 87 бірлік ауылшаруашылық техникасы алынады деп жоспарланған.

Ауылшаруашылық саласына қолдау көрсету мақсатында   «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан   2021 жылы  121 адамға  501,0 млн теңге, ал 2022 жылдың 6 айында 75 адамға  455,0 млн теңге көлемінде төмен пайызбен несие берілді. Сонымен қатар, шаруаларымызға көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін бағасы жеңілдетілген дизель отыны берілуде.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге  3,6 мың тонна дизель отыны бөлініп, жеткізуші операторлар арқылы шаруаларға берілді, ал күзгі дала жұмыстарына   2,8 мың  тонна  дизель бөлініп, бүгінгі таңда шаруаларға таратылуда.

Бөлімнің ұйымдастыруымен ағымдағы жылы  екі рет ауылшаруашылық техникаларын саудалаушы мекеме қызметкерлерімен,  үш рет «Казфосфат» мекемесінің және  төрт рет минералды тыңайтқыштарды саудалаумен айналысатын мекеме өкілдерімен  аудан шаруаларының кездесуі өткізілді.Ауылдық округтерде көшпелі кездесулер өткізіліп, ауылшаруашылық саласының өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.

Previous Post

Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті

Next Post

Өңірдегі 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz