7 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Төлеби ауданында білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базасын нығайтуға баса көңіл бөлінуде.Осы мақсатта бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жылдағыға қарағанда ұлғайған. Мәселен, биылғы оқу жылында аталған бағытқа бөлінген қаржы 16 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғымен көрсеткішпен салыстырғанда 4 млрд. теңгеге артық.
Қазіргі таңда ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында мектеп ғимараттарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл 200 орынды Қайнар, Ұйымшыл, №6 жалпы орта мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Алда атқарылар шаруалар көп. Солардың бірі ретінде Шомшақты, Тағайна мектептері мен Оқушылар үйінің құрылысы қолға алынатынын айта кетейік. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары қажет болып отырған 10 мектептің 7-еуінің жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Реті келгенде айта кетейік, бүгінде «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәдени жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өтті.
Бұлақ көздері тазартылуда
Төлеби ауданында ауыз суға қатысты шешімін күткен мәселелер жетерлік. Мәселен, аудан әкімінің қабылдауында болған Бірінші Мамыр ауылының тұрғыны Жұмабек Сапарбеков бұрын «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде еңбек еткенін, инженер маманы ретінде жаздың аптап ыстығында халықтың ауыз судан тапшылық көрмеуі үшін бірнеше жобаларды қайта іске қосу қажеттігі жөнінде өз ұсыныстарын айтқан-ды. Сала маманының мәлімдеуінше, бірнеше бұлақ көзін тазарту арқылы ауыз су мәселесін шешуге болады. Осыған орай, аудан әкімі Төлеген Телғараев Бейнеткеш елді мекеніндегі Байымбет бастауы мен Ақбұлаққа арнайы барды.
Айта кетейік, Бейнеткеш ауылындағы су жинақтайтын 3 резервуардың әрқайсысына 330 кубтен су жинақталған. Су аталған елді мекендегі 10 бұлақтан келуі үшін арнайы жасалғанымен, қазіргі таңда тек 6 бұлақтан ғана су жетіп отыр. Елді мекендерге келетін су көздерін көбейту үшін қалған бұлақ көздерінде тазарту жұмыстарын жүргізу керек. «Ленгір су» мемлекеттік мекемесінің мамандары ашық су көздеріндегі тіршілік нәрін лабораториялық тексеруден өткізіп, оның сапасы тұтынуға жарамды деген қорытынды алған екен. Сондықтан, өңір басшысы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаевқа аталған мәселені зерделеу үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінуді тапсырды. Егер де осы бұлақ көздерін ашу арқылы елді мекендердегі ауыз су мәселесін шешуге мүмкіндік бар болса, онда олардың жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу керектігін айтты.
Бүгінде Бейнеткеш елді мекенінде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «СтройЖолСервис KZ» ЖШС –і жүргізуде. Нысан пайдалануға берілетін болса, елді мекенді ауыз сумен толық қамту мақсатында 2 резервуардың әрқайсысында 150 куб метр су жиналатын болады. Нәтижесінде, 275 абонент тіршілік нәрімен қамтылады деп жоспарлануда.
Қасқасу ауылдық округіне қарасты Керегетас елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС -і қолға алған. Бүгінгі күні елді мекенге 27.0 шақырым су құбыры тартылып,110 дана құдық орнатылды. Көлемі 150 куб.метрді құрайтын 2 резервуар қойылды. «Жаңғақты» бұлағының басынан су аққы тартылуда. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда Керегетас және Қасқасу елді мекендерінің 140 абоненті ауыз сумен қамтылатын болады.
Нысанбек елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесінде де құрылыс жұмыстарыжүргізілуде. Онда «СтройЖолСервис KZ» ЖШС 150 куб.метрден екі резервуар орнатып, тау бөктеріндегі «Қайнар» бұлақтан құбырлар жүргізді. Бұлақ басына қойылған су құбырынан 90 куб метр су келеді деп күтілуде. Нәтижесінде, 144 абонент тіршілік нәріне қол жеткізетін болады.
Қазіргі таңда аудандағы сумен жабдықтау жүйесінің барлығына сыртқы қоршаулар қойылған. Бактерицидтік қондырғылар орнатылып, түнгі мезгілде жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен қоса, аталған аймақты күзететін қызметкерге арнайы орын салынуда. Мердігер мекемелер резервуарлардың айналасын бетондап, оларға баратын жолды тегістеу үстінде.
Жалпы ауданның географиялық орналасуы, табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты тіршілік нәрі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. Қазіргі таңда аудан аумағындағы бұлақ көздері мен жерасты су ресурстарына зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса, Бейнеткеш, Жаңажол, Ынтымақ елді мекендеріндегі ауыз су жүйесінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Көшелер жарықтандырыла бастады
Төлеби ауданында 13 елді мекеннің орталық және аудан орталығы Леңгір қаласындағы 5 көше жарықтандырылды. Айта кетейік, ауданда көшелерді жарықтандыру мәселесі біраз уақыттан бері көтеріліп келе жатқан болатын. Жалпы тұрғындардың таңертеңгі және кешкі уақытта, яғни жұмысқа баратын және қайтатын мезгілде көше бойларын жарықтандыруды талап етуі орынды. Кешқұрым сүрінбей, жарық көшемен жүргісі келген тұрғындардың өтінішін орындау мақсатында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тарқатып айтар болсақ, бүгінгі күнге дейін бюджет есебінен аудандағы 33 елді мекеннің 50 орталық көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылды. Соның нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 65 пайызды құрады. Мұнымен қоса, «Шымкентцемент» АҚ – ы өз есебінен Алғабас ауылындағы Балауса, Бірлік, Бұлақ көшелеріне, Киелітас елді мекеніндегі Киелітас, Н.Әлімқұлов, Бірлік көшелеріне, Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Ақбастау елді мекеніндегі көшелерге жарық шамдар орнатып, демеушілік көрсетті. Бұйыртса, жылсоңына дейін 13 елді мекеннің орталық көшелеріне және Леңгір қаласының 5 көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылатын болады. Соның нәтижесінде ауданда жарықтандыру көрсеткішін 89 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетін болса, келер жыл соңына дейін ауданда жарықтандыру көрсеткішін 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан, сала мамандары елдімекендердегі орталық көшелерді жарықтандыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін ішкі көшелерді жарықтандыруға кіріспек.
Түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін елді мекендерге тоқтала кетсек. Алатау аауыл округіне қарасты Нысанбек елдімекенінде 1409 метр,Көксәйек ауыл округіне қарасты Қазақстан елдімекенінде 2061 метр, Тасарық ауыл округіне қарасты Оңтүстік елдімекенінде 3800 метр, Бірінші ауыл округіне қарасты Алғабас елдімекенінде 1570 метр,Бірінші Мамыр ауыл округіне қарасты Бейнеткеш елдімекенінде 3760 метр, Қасқасу ауыл округіне қарасты Керегетас елдімекенінде 4549 метр, Алатау ауыл округіне қарасты Шатыртөбе елдімекенінде 1340 метр,Көксәйек ауыл округіне қарасты Жіңішке елдімекенінде 3100 метр, Алатау ауыл округіне қарасты Алатау елдімекенінде 300 метр, Зертас ауыл округіне қарасты Жаңакүш елдімекенінде 700 метр, Алатау ауыл округіне қарасты Алатау елдімекенінде 1000 метр, Қоғалы ауыл округіне қарасты Алшалы елдімекенінде 2544 метр, Алатау ауыл округінде 2750 метр жол жарықтандырылады.
Ал, Ленгір қаласында С. Сәулембаев көшесіне (3150 м), Е. Сәуірбайұлы көшесіне (1470 м), Қ. Ешенқұлұлы көшесіне (925 м), Жамбыл көшесі (1300 м), Қ.Тыныбеков көшесіне (2520 м) түнгі жарық шамдар орнатылады.Қазіргі таңда ауданда елді мекендерді жарықтандыру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
302 отбасыға жер телімі берілді
Төлеби ауданында қарасты Қаратөбе ауылдық округі тау баурайында орналасқан, аудан орталығынан шалғай жатқан аумақ. Құрамында- Балдыберек, Қаратөбе, Қостөбе, Майбұлақ, Төңкеріс деп аталатын ауылдар бар.
Округ халқының саны жылдан-жылға арта түсуде. Осыған орай, тұрғын үйлерге жер телімдерін бөлу максатында бас жоспарға сәйкес, белгіленген жерлерге инженерлік коммуникация жүйелері тартыла бастады. Елді мекендерден 302 отбасыға жер телімі беріледі.
Бүгінгі күні жаңа массивтерге ауыз су, электр жүйелері тартылуда. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-гі жүргізуде. Қазіргі таңда 21, 700 шақырымға су құбыры тартылып, 90 дана құдық орнатылды. Сондай-ақ, электр жүйелерін мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС-і жүргізуде. 559 электр бағаналары мен 347 электр шамдары орнатылып, 20.0 шақырымға электр желілері тартылды. 7 дана КТПН қойылды.
Жақында аудан әкімі Төлеген Телғараев жаңа массивтерде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме және тиісті бөлім басшыларына олардың сапасына қатысты ескертулерін айтып, құрылыс жұмыстарының жобада көрсетілген мерзімде аякталуын талап етті.
Жайылымдық жер мәселесі шешімін табуда
Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінің құрамында 7 елді мекен бар. Бұл округ халық саны және жер көлемі жағынан аудандағы ең ірі аумақтардың бірі. Аймақ территориясында бірнеше ұлт өкілдері қоныстанған. Онда ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 10335,0 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жер көлемі – 2190,0 гектар, бау алаңы-379,0 гектар, жайылымдық жер – 2760,0 гектар. Шаруа қожалықтар саны – 748. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 15, ал өндірістік кооперативтер саны -7.
Өңір халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда округте 5353- жылқы, 12248 – ірі қара, 24670- ұсақ мал бар. Мал санының жылдан-жылға артуына байланысты халыққа жайылымдық жер қажеттігі туындауда. Аудан әкімі Төлеген Телғараев аталған мәселені шешу мақсатында арнайы комиссия құрып, мақсатында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуді қолға алды.
Төлеби ауданына қарасты Киелітас ауылдық округінде де бүгінгі күні дәл осы мәселе маңызды болып отыр. Мұнда жалпы жер көлемі 15003,08 гектарды құрайды. Оның 1409,94 гектары елді мекендер аумағы болса, егістік жерлер 7196.8 гектарды, суармалы жерлер – 742 гектарды, баулар 148 гектарды алып жатыр. Округтегі шаруа қожалықтар саны – 674, ал жауапкершілігі шектеулі серіктертіктер саны – 11. Сонымен қатар, «Жыланбұзған» және «Ақбастау» деп аталатын СТК-лар бар.
Округ халқының негізгі күн көрісі — мал шаруашылығы. Аумақтағы төрт түлік саны – 17685. Мал басына шаққанда жайылымдық жерге мұқтаждық 37219,0 гектарды құрайды. Осыған орай, қазіргі таңда мақсатына сай пайдаланылмаған 37,5 гектар жерді заң талаптарына сай мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Төлебиде тындырымды тірлік көп
Төлеби ауданында атқарылған оңды істер көп. Солардың бірқатарына тоқталуда жөн көріп отырмыз. Мәселен, дәл қазір Аққұм ауылдық округіндегі Ащы көшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшенің 1.17 шақырымына асфальт төсеу ісін «Бірлік» ЖШС-і жүргізсе, оның техникалық сапасын «Мир строй и компания» ЖШС-і қадағалайды. Осыдан біраз уақыт бұрын Ащы көшесінің тұрғындары өңір басшысының жеке қабылдауына барып, көшеге асфальт төсеу қажеттігі жөнінде өз өтініштерін жеткізген болатын. Осыған орай, аудан әкімі Төлеген Телғараев сала мамандарына нақты тапсырмалар берген-ді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде аталған көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізу қажеттігі анықталып, оның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда аталған көшеге асфальт төсеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Сондай-ақ, ауданда жыл соңына дейін Бейнеткеш, Жаңажол елді мекендерінде ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасын тауып, Ынтымақ елді мекеніндегі ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтеді. Тағайна елді мекенінің 9 көшесіне электр желілері тартылып, трансформатор орнатылуда. Ал, Бәйтерек, Ақпейіл, Ақжол көшелері мен Зағамбар елді мекеніндегі Түркістан көшесі жөндеуден өтеді. Зағамбар елді мекеніндегі орталық көшеге аяқ жол салынып, Алғабас елді мекенінің 1,5 шақырымына, Бейнеткеш елді мекенінің 3,7 шақырымына түнгі жарық шамдар орнатылады деп жоспарланған.
Бірінші Мамыр ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратынан мемлекеттік қызмет көрсету жобалық кеңсесі іске қосылады. Тағайна елді мекенінен 200 орындықты мектеп құрылысы жүргізіліп, Бірінші Мамырда заманауи үлгідегі спорт кешені мен футбол алаңшасының құрылысы жүргізіледі.
Ауданда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, қоғамдық жұмыстарға тарту, «Бастау бизнес» жобасы арқылы жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар беру, оқу орнын жаңадан бітірген жастарды «Жастар практикасы» арқылы еңбекпен қамту шаралары жоспарға сай жүзеге асырылуда. Елді мекендерді интернетке қосу бағытында белгілі операторлармен келіссөздер жүргізіліп, жыл соңына дейін арнайы бөлінген жерлерге базалалық станция орнату жоспарлануда.
Спорт кешені салынуда
Салауатты өмір салты — бұл дұрыс тамақтанып, денені шынықтырып, жаман әдеттерден аулақ болу арқылы денсаулықты жақсартуға арналған адам өмірінің тұжырымдамасы. Аталған жайтты назарға алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуды, барлық өңірлерде спорт кешендерінің құрылысын жүргізуді тапсырған болатын.
ҚР Президентінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бірінші Мамыр елді мекенінде футбол алаңшасы мен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Айтакетейік, аталған алаң мен кешен көлемі 2,5 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «А.Р.Т – Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Кешен құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған. Нысан келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бүгінгі күні Төлеби ауданында 397 спорт нысаны жұмыс істеп, өлкеміздің талантты спортшыларын дайындауға өзіндік үлес қосып келеді.
Жалпы спорт елімізде ҚР Президентінің қолдауына ие болған салалардың бірі. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортын дамытуға жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып келеді. Сонымен қатар, аудан аумағында жыл сайын облыстық дәрежедегі «Көшпенділер», «Төлеби ойындары» атты ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылуда.
Аудан аумағында спорттық нысандар саны артуда. Атап айтар болсақ, Көксәйек және Мәдени елді мекендерінде спорт кешендерінің құрылысын жүргізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Аталған саланы дамытуға кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып, спорттық кешендерін тұрғызуда. Аудан аумағында спорт инфрақұрылымдарын, оның ішінде шалғай елді мекендерде демеушілер және бюджет есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланған.
Мақсары ору науқаны басталды
Төлеби – аграрлы аудан қатарында. Аудан тау бөктерінде орналасқандықтан, аудан халқы негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Аудан диқандары бірнеше жыл бойы мақсары өнімін өндіру көрсеткіші бойынша Түркістан облысы бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Биылғы жыл да шаруалар үшін ырысты болғалы тұр. Шаруалар ауа-райының қолайлы болуына байланысты 10000 тоннадан астам өнім жиналады деп күтуде. Жалпы, аудан аумағына 10731,5 гектар мақсары егілді.
Қазіргі кезде мақсары ору науқаны басталды. Диқандар мақсарының әр гектарынан 9-9,5 центнерден өнім алып жатыр.
Мақсары дәні барлық кезде үлкен сұранысқа ие. Мақсары тұқымшасында 25-37 пайыз, ал ядросында 50-56 пайызға дейін ақшыл сары түсті бағалы сұйық май болады. Бұл өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар. Ал, ядросынан сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді. Халықтық медицинада мақсарының жапырақтары мен гүлдерінен және майынан әр түрлі дәрі-дәрмектер жасалынады. Сонымен қатар, өсімдік майы сыр-бояу, линолеум, сұйық сабын өндірісінде техникалық мақсаттарда пайдаланылады.
Жайылымдық жер мәселесі қаралды
Төлеби ауданының аумағы 306 380 гектарды құрайды. Оның ішінде ортақ жайылымдық жер көлемі 70257 гектардан аспайды. Ал, мұнда мал басы күн санап арта түсуде. Осыған байланысты жайылымдық жерге деген қажеттілік 668 038 гектарды құрауда. Биылғы жылы 20587 га жер мемлекет игілігіне қайтарылды.
Бұл деректер аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезектен тыс өткен он сегізінші сессиясында айтылды. Сессияда жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары талқыланып, елді мекендердің аумағынан 5 шақырымнан тыс орналасқан аумақты ортақ жайылымдық жер етіп заңдастыру ісі қаралды.
Сессияда мұнан өзге 3 мәселе қаралды. Төлеби ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 10 маманға көтерме жәрдемақы, 2 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру мәселесі депутаттардың қолдауына ие болды. Сессияда аудан бойынша кондоминиум обьектісін басқаруға және оның орталық мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері бекітілді.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы консультациялық- кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты депутаттар ұсыныс – пікірлерін жеткізіп, ол бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Бір жерден екі өнім ала бастады
Төлеби ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бір жерден екі өнім алу жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Жалпы Төлеби ауданының табиғаты шаруаларға өте қолайлы. Сондықтан, мұнда оларға аталмыш бастаманы іске асыру аса қиындық тудырмайды.
Тіпті, бүгінгі күні диқандар аталған жоба аясында екінші өнімді жинауға кірісті. Атап айтар болсақ, «Ризмат» шаруа қожалығы ерте көктемде еккен сарымсақты жиып алып, оның орнына қияр, қызанақ, картоп, сәбізі отырғызған болатын. Дәл қазір олар осы көкөністерді жинау үстінде.
Қожалық төрағасы Досматова Тажибуви 1 га жерге көкөніс егіп, 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Жалпы ауданда бұдан бөлек ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бау-бақша алқабының көлемі жыл өткен сайын ұлғая түсуде. Бауда алма пісіп, жүзім самсап тұр.
Сонымен қатар, ауданда тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларына басымдық беріліп, шаруалар суды үнемдеуге көшті. Бұл бастама өз кезегінде су үнемдеп қана қоймай, өнімділікті еселеп арттыруға мүмкіндік береді. алпы, ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылдың 6 айында 16 млрд 331 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,8 пайыз болды.
Ақбастау – Әңгірата жолын жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылды
Төлеби ауданда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1084,0 шақырымды құрайды. Оның ішіндеоблыстық маңызы бар жолдар-259,84,аудандық маңызы бар жолдар-144,05,елді мекеннің ішкі көшелері–680,1 шақырымды алып жатыр. Биылғы жылы аудан бюджеті есебінен елді мекендердегі 21 көшенің 38,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастырылған болатын. Қазіргі таңда мұнда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, Қаратөбе елді мекеніндегі С.Абдулла көшесінің – 4,063, Қасқасу елді мекеніндегі Көктөбе көшесінің – 1,85, Момынай елді мекеніндегі Ақтас көшесінің – 5,6, Қасқасу елді мекеніндегі Тастақ көшесінің 2,30 шақырымы жөнделу үстінде.
Киелітас елді мекеніндегі Алмалы көшесінің – 1,45, Бірлік көшесінің – 0,70, Әңгірата елді мекеніндегі Дегерез көшесінің – 1,05, Әңгірата елді мекеніндегі Жастар көшесінің – 1,7, Аққұм елді мекеніндегі Ащы көшесінің – 1,1, Нысанбек елді мекеніндегі Ордаган көшесінің – 1,1, Қосағаш елді мекеніндегі С.Әбдікерім көшесінің 0,7 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Зағамбар елді мекеніндегі Түркістан көшесінің – 0,9, Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі Сырғанақты көшесінің – 2,4, Ленгір-Аққұм бағытындағы автомобиль жолының – 0,2, Зертас елді мекеніндегі Жаңақұрылыс-2 және Жаңақұрылыс-3 көшесінің 0,9 шақырым жолы жөнделуде.
Ал, Ленгір қаласындағы С.Сәулембаев көшесінің – 3,5, Таскешу көшесінің – 0,6, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Б.Рүстемов көшесінің – 0,5, Ленгір қаласының Астана көшесінің – 3,1, Зертас елді мекеніндегі Сатпаев көшесінің – 1,4, Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің – 0,8,Бәйтерек көшесінің – 1,1, Ақпейіл көшесінің – 0,6, Ақжол көшесінің0,3 шақырым жолын жөндеуге қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, республикалық және облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар 2,6 шақырымды құрайтын Ақбастау – Әңгірата жолын орташа жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылды.
Кемеқалғанда келелі істер жүзеге асып жатыр
Биыл Төлеби ауданындағы Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Ақбастау және Әңгірата елді мекендерінде ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті. Ардагер, Жастар, Қаратас, Қошқарата, Шоқалақ, Шеңгелсай көшелеріне және бұдан бөлек 6 көшеге трансформатор орнатылып, электр желілері тартылуда. Ақбастау-Әңгірата көшесі орта жөндеуден өтіп, Дегерез, Жастар көшелеріне асфальт төселуде. Әңгірата елді мекеніне саябақ орнатуға қаржы қаралып, Ұйымшыл елді мекеніндегі білім беру мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын.
Кемеқалған ауыл округінде мұнан өзге де атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ. Мәселен, Шымкент-Текесу бағытында қоғамдық көлік жүргізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Қотыр бұлақ» бұлақ бастауының және су резервуарының санитарлық аумақтары темір қоршаумен қоршалып, каптаждалып, бетондалды. Ақбастау жалпы орта мектебінің ғимараты ауыз су жүйесіне қосылды. Қаратөбе елді мекеніндегі жекеменшік иелігіндегі 187,0 гектарды құрайтын жер учаскесі келіссөздер жүргізу нәтижесінде ортақ жайылымға қалдырылды. Ақбастау елді мекеніндегі 108 метр аралыққа аяқ жол демеушілер есебінен салынды. Ұйымшыл елді мекеніндегі бетондалған «Қошқарата» каналының 0.8 шақырымы тазаланды.
Жүзім алқабы ұлғайып келеді
Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіндегі «Тау жемісі» ЖШС –де 20 гектар аумаққа «Ризомат», «Кишмиш», «Победа», «Шахана» сыңды сортты жүзімдер егілген. Жүзім алқабы маусымдық уақытта 60 адамды, тұрақты түрде 5 тұрғынды жұмыспен қамтып, оларға 90 мың теңге жалақы төлеп келеді. Жүзімдерді негізінен аудан орталығының, Шымкент қаласының базарларына сатылымға шығарып, көп жағдайда тұрғындар алқаптан өздері алып кетеді екен.
Айта кетейік, жақында ауданға арнайы іс-сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан келіп, осы жүзім алқабында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жергілікті шаруалармен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелерді тыңдады. Өз кезегінде аталған салаға мемлекеттен берілетін субсидия, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарламалармен таныстырды.
Құдайберген Төлепұлы «Тау жемісі» ЖШС –қызметкерлерімен әңгімеде көшетті жерсіңдіру, күтіп-баптау, өнімді өткізу, қолынан іс келетін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін кеңінен сөз етті. Алқаптағы сортты жүзімдердің тіл үйірер дәміне тамсанып, шаруашылықтың шығыны мен табысы жөнінде сұрастырды.
Балаларға арналған ойын алаңшалары салынуда
Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласыкүн өткен сайын көркейіп келеді. Ондағы зәулім ғимараттар, халыққа қажетті нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер саны арта түсуде. Дегенмен, бірінші мөлтек ауданда тұрғын үйлер қатарының көбеюіне байланысты тұрғындар тарапынан әлеуметтік нысандарға деген сұраныс туындауда. Сонымен қатар, мөлтек аудан халқы балаларға арналған ойын алаңшаларын орнатуды да өтінген болатын.
Бүгінде аталған мөлтекаудан тұрғындарының сұранысын орындау мақсатында көпқабатты үйлердің аулаларына балаларға қажетті ойын және спорттық жаттығуларды жасайтын алаңшалар, салауатты өмір салтын ұстануға қажетті қондырғылар орнатылуда.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, Төлеби ауданының 90 жылдығына және балалар жылына орай бірінші мөлтек ауданның кішкентай тұрғындарына арнап 9 заманауи ойын алаңшасы қойылуда. Олардың балалардың денсаулығына зиян келтірмейтін материалдармен жасалғандығы және сапасы тексерілген. Сонымен қатар, қазіргі таңда мұнда көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын көріктендіру жұмыстары да қолға алынған.
«30 баланың еркін ойнауына арналған қондырғылар жоғарғы сортты пластмассадан болғандықтан, белгіленген нормаға дейін ғана салмақты көтере алады. Сондықтан, балаларға арналған ойын алаңшаларының ұзақ қызмет етуі үшін үлкендер оны өз қарауына алып, сындыруына жол бермеуі керек», — дейді сала мамандары.
Мұнымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына тұрғындар үшін автотұрақтар, ішкі көшелерге асфальт, бейнебақылау камералары, түнгі жарық шамдары мен суағар орнатылатын болады.