Өткен аптада қасиетті Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінде Түркістан облысының «Түркістан өнімдері – 2022» атты үздік тауарлар көрме-жәрмеңкесі өтекені баршаға мәлім. Жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында өткен бұл іс-шарада аймақтаңы өндірілген азық-түлік, фармацевтика, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында жұмыс істеп жатқан 80-нен астам компания өз өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынды. Жалпы, бұл өңірдің экономикалық даму деңгейін көпшілікке паш еткен тамаша іс-шараға айналды деп толық сеніммен айта аламыз.
Иә, кез келген елдің де, жекелеген өңірдің де экономикалық дамуының негізінде өнеркәсіп саласы жататыны жасырын емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел Үкіметі қабылдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсім» ұлттық жобасында өнеркәсіп саласын, соның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға айрықша назар аударылған. Осыған орай Түркістан облысында аталған саланы дамытуға ерекше назар аударылып келеді.
Нақтырақ айтар болсақ, 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Түркістан облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына 34 жоба енгізілген. Түркістан облысы әкімдігінің облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының мәліметі бойынша, бұл жобалардың жалпы құны 328 миллиард 300 миллион теңгені құрайды. Бұл жобалар толық іске асып өңірде жаңадан 34 кәсіпорын ашылған кезде облыс тұрғындары үшін тағы да 4 923 жаңа тұрақты жұмыс орнын құрылады деген сөз.
Бұл жоспар бүгінде кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асып келеді. Мәселен, 2020 жылы облыс аумағында жалпы құны 6 миллиард 200 миллион теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде жаңадан ашылған 12 кәсіпорында 1540 жаңа жұмыс орны құрылған.
Солардың арасынан мысал ретінде «ТМ Строй 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін айтуға болады. Аталған серіктестік 2020 жылы күйдірілген қыш шығаратын заманауи зауыт ашты. Комапния нарықта үлкен сұранысқа ие өнімді шығаратын зауытты ашу үшін 520 миллион теңге инвестиция құйған. Бұл жаңадан 60 жұмыс орны құруға мүмкіндік берген. Жұмыс істей бастағанына 2 жыл толған зауыт бүгінде өз тұтынушыларын сапалы әрі қолжетімді өнімдерімен қуантып, жылдан жылға бәсекеге қабілеттілігін арттырып келеді.
Түркістан қаласы ауқымды құрылыс алаңына айналуына байланысты өңірде құрылыс заттары мен бұйымдарына сұраныс артқаны баршаға мәлім. Осыған орай Түркістан облысында ашылған кәсіпорындардың да үлкен бөлігі аталған индустрияға қажетті өнімдерді өндірумен айналыса бастады. Сұранысқа лайықты ұсыныстың да пайда болуы – нарықтың заңдылығы. Мәселен, 2020 жылы «Коктал Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 249 миллион теңге көлемінде қомақты инвестиция құя отырып жаңа темір-бетон өндірісі зауытын іске қосса (ашылған тұрақты жұмыс орындарының саны – 50), ал, «DARIA ГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де тап осы бағытта жұмыс істейтін іргелі кәсіпорын құрған. Бұл компанияның ашқан зауытында тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдары өндіріліп, нарыққа шығарылып отыр. «DARIA ГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған осынау табысты жобаның жалпы инвестициялық құны –290 миллион теңгені құрайды. Жоғары өндірістік стандарттар бойынша жаңа инновациялық технологиялардың негізінде заманауи құрал-жабдық және қондырғылармен қамтылған бұл зауытта 20адам тұрақты негізде жұмыспен қамтылып отырғанын да айта кету керек.
Мұнан бөлек «Конус и К»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Темірбетон бұйымдарын өндіру зауытыын(инвестициялық құны 200 ммиллион теңге, жұмыс орндарының саны- 20); «Aiya Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кірпіш өндірісі зауытын (инвестициялық құны 350 миллион теңге, жұмыс орны — 30); «Аламан М.К.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кірпіш өндірісі зауытын (инвестициялық құны 450 ммиллион теңге, жаңа жұмыс орындарының саны- 30); «АБН Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пластикалық құрылыс бұйымдарын өндіру зауытын (инвестициялық құны 1 миллиард 395 миллион теңге, ашылған жұмыс орындарының саны – 1000); ал, «AIBI-I» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де кірпіш зауытын(инвестициялық құны 251 миллион теңге, ашылған жаңа жұмыс орындарының саны – 70) ашқан.
Түркістан облысының аумағында 2020 жылы ашылған елеулі кәсіпорындардың бірі көмірді өңдеп одан дайын өнімдер шығаратын көмір-химия комбинатының өндірісі. Бұл комбинатты ашы үшін «Стандарт Ресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 251 миллион теңге көлемінде инвестиция құйған. Мұнда бүгінде70 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Ал, «AYKAN АЙКАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүтті қайта өңдеу зауытын (инвестициялық құны – 390,8 млн.тг, жұмысорны – 30) салса, «СПК Ырыс-2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күріш өндірісі зауытын (инвестициялық құны 250 млн.тг, жұмыс орны — 30), сондай-ақ, «СП Turkistan Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тігін цехын (инвестициялық құны 420 млн. тг, жұмыс орны — 1000) ашқан.
2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы Түркістан облысында өткен 2021 жылы да табысты түрде жалғасын тапты. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, 2021 жылы өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына енген 7 инвестициялық жоба іске қосылып, кәсіпорындар жұмыс істей бастаған. Олардың жалпы инвестициялық құны 7 миллиард 300 миллион теңгені құрайды. Өткен жылы ашылған 7 кәсіпорында 475 жаңа жұмыс орны құрылған.
Атап айтар болсақ, олардың қатарында жеке кәсіпкер Қашқынбаевтың темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны – 227,4 млн.тг, жұмыс орны–30); «BOKEI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірпіш зауыты (инвестициялық құны 1 млрд. 782 млн.тг, жұмыс орны – 48);, «Elit Story» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлық бетон және асфальтбетон қоспаларын өндіру зауытын салу (инвестициялық құны — 270 млн.тг, жұмыс орны — 30); «Tulpar May» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тазартылған май өндіру цехы (инвестициялық құны – 2 млрд. 152 млн.тг, жұмыс орны– 50); «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің гигиеналық материалдарды өндіру цехы (инвестициялық құны — 810 млн.тг, жұмыс орны — 60); «EKP-GROUP 878» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны — 1 миллиард 041 млн.тг, жұмыс орны — 48) және «СпецСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны – 1 млрд 100 млн.тг, жұмыс орны — 241) бар.
2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында ағымдағы 2022 жылы 48 миллиард теңгені құрайтын, 696 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны жүзеге асырылып жатыр.
Атап айтар болсақ, олардың арасында «Каратау Транс Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің битум өндіру зауытының құрылысы (инвестициялық құны — 11 миллиард теңге, жұмыс орындары — 112); «Standart Petrolium» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай өңдеу зауытының құрылысының бірінші кезеңі (инвестициялық құны 24 млрд.тг, жұмыс орны — 200); «Tyrkistan Fruit» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 400 га алқапта бау-бақша шаруашылығы саласындағы көрсеткіш алаңын салу және ұйымдастыру, тікелей сығылатын шырындар өндірісін ұйымдастыра отырып, жеміс сақтау қоймасын салу (инвестициялық құны 8533 млн.тг, жұмыс орны 54) жобасы бар.
Сондай-ақ, «KAZPLAST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін цехының құрылысы (инвестициялық құны 550 млн.тг, жұмыс орны 150); «RZN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автоклавты қатқылдау кеуек бетоннан газоблок өндіру зауытын салу (инвестициялық құны 1500 млн.тг, жұмыс орны 80) және «Huayi International Cotton Co., Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта талшығын өндіру жөніндегі мақта өңдеу зауытын салу және пайдалану (инвестициялық құны 2500 млн.тг, жұмыс орны 100) жобалары жүзеге асады деп жоспарланған.
Одан бөлек 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында 2023–2025 жылдарға 266,6 млрд. теңгені құрайтын, 2212 жаңа жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы жоспарланған.