gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәдениет саласының мамандары Президент Жолдауына қолдау білдірді

6 сентября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мәдениет саласының мамандары Президент Жолдауына қолдау білдірді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы мәдениет басқармасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауына арналған жиын өтті. Басқосуға басқармаға қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлер қатысты.

Алдымен мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев сөз алып, Президент Жолдауында айтылған елдегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындайтын негізгі 5 бағдарға тоқталды.
– Биылғы Жолдау «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға тікелей бағытталып отыр. Президентіміз Жолдауда ұрпақ тәрбиесінің мықты негізі дамудың басты бағыты екендігін баса айтты. Біз, осы орайда Жолдауға қолдау білдіру үшін, ондағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениеті бекем, руханиятқа жақын ұрпақ тәрбиелеу ісіне атсалысып келеміз. Осы мақсаттағы жұмыстарды алдағы уақытта да қарқынды түрде жүзеге асыруымыз қажет, – деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков өз кезегінде қаржылық бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, мекемелерде сыбайлас жемқорлық пен діни ағымдарға қарсы жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Бұдан кейін сөз алған Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаев Жолдаудағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталып, театрда жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарын баяндады. Ал музей саласы бойынша «Ұлы дала Елі» орталығының директоры Гүлжанат Дюсенбаева жолдаудың маңызды тұстарын атап өтті. Содан соң облыстық музейлер арасында ауқымды шара өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония басшысы Нұрсәт Бейсеқожаев мәдени іс-шаралар бойынша баяндама жасап, Жолдаумен қатар мекеменің жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кітапханашылардың Жолдауды насихаттауға атсалысатынын, еліміздегі заманауи кітапханаға жаңа оқу жылында тіркелушілер саны артқанын қуана жеткізді.
Сондай-ақ, басқосуда әр сала бойынша шешімін таппаған мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар талқыланып, мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өтуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Previous Post

«AMANAT»: Түркістанда партиялық актив жиыны өтті

Next Post

Түркістаннан Қостанайға 100 тоннадан аса гуманитарлық көмек жөнелтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz