gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері кездесті

16 сентября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері кездесті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдары мен облыстағы бизнес саласының өкілдерінің кездесуі өтті. Жиынға Түркістан облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының өкілдері қатысты. Онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін нақты айтқан болатын. Осы орайда құқық қорғау органдарымен бірлесе келе кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ бизнестің өткір және маңызды мәселелерін шешудегі проблемаларды есту мақсатында бизнес өкілдерімен кездесудеміз, — деді облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев.
Мемлекет Басшысының бизнестің құқығын қорғау бағытында жұмыстарды күшейту жөніндегі тапсырмасы мен «Бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастырудың» жөніндегі іс-шаралар жоспарға сәйкес, Түркістан облысының прокуратурасымен бірлесе отырып «Бизнесті қорғау және қолдау» Форумы өткен болатын. Форум аясында алғаш рет Палата мен прокуратура бірлесіп Түркістан облысының аудандарындағы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Рейтинг әзірленіп, жарияланды. Аталған Рейтинг бизнес-климатты жақсарту, инвестицияны ұлғайту, кәсіпкерлердің құқығын бұзу фактілерін азайту және іскерлік белсенділікті дамыту бағытында 15 өлшемін қамтиды.
Жиын соңында проблемалық мәселелер анықталып, кәсіпкерлерге қатысты заңдылықтың бұзылуына жол бермеу және одан әрі шешу алгоритмі әзірлену бойынша шешім қабылданды.
Previous Post

Түркістандық спортшылар жүлдегер атанды

Next Post

Түркістанда облыс әкімінің қатысуымен тазалық акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz