gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жауапсыз мердігерлерге қатаң ескерту жасалды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жауапсыз мердігерлерге қатаң ескерту жасалды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс мерзімінен кешіккен нысандарды жаппай тексеріп,
міндеттемелерге құлықсыздық танытқандарды құзырлы органдардың құзыретіне тапсыруды жүктеді. Түркістандағы бірнеше тұрғын үй құрылысын аралаған облыс басшысына жауаптылар жұмыс барысында кездескен кей кедергілерді еңсере алмағанын алға тартты. Құрылыс материалдарының қымбаттап, шекарадағы шектеулердің болғанын айтты. Алайда аймақ басшысы істің соңын сиырқұйымшақтатып жіберген әлеуметтік маңызы зор нысандардың жауаптыларына компанияның тәуекелге барып, құрылысқа кіріспес бұрын оның қаншалықты тиімді екенін зерделейтінін еске салды.
— Сіздерді мәжбүрлеген ешкім жоқ. Мерзімнен кешігіп, салбырлыққа салынып жүргендерге ескерту берілген. Ертеңін ойламай, бірнеше нысанды мойнына алып, жөнімен бітіре алмай отырғандарға кешірім болмайды. Маған сылтау айтудың қажеті жоқ. Бұл — жауапсыздық. Әр нысанның артында халықтың тұрғанын ұмытпаңыздар. Талапқа бағынбайтындардың жырын созбай, құзырлы органдардың құзыретіне тапсырыңыздар, — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс басшысы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Игерілген қаржы мен атқарылған жұмыстың айырмашылығын есептеуді міндеттеді. Құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды.
Қазіргі таңда облыс орталығының әкімшілік-іскерлік орталығында 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын.
«Керуен сарай» тұрғын үй кешенінің құрылысына 500 адам жұмылдырылған. 4,5 га жерде орналасқан заманауи баспаналар кешені жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Previous Post

Түркістанда «Түркістан – рухани, қауіпсіз қала» форумы өтті

Next Post

Түркістанда теңдесі жоқ ислам орталықтары бой көтерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz