gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті

5 октября, 2022
in Қоғам
0
«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің  отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы 5 қазанда Астана қаласында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  отырысы өтті.

Аталған жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары меноблыстар мәслихаттарының хатшыларықатысты. Жиынды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев жүргізіп отырды.

Жиындажуырда елімізде өтетін маңыздыоқиға – Қазақстан Республикасы Президенттігіне «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылатын  кандидатты айқындау, Жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстанның жаңа саяси арнаға түсуінің тарихи сәтінде жүзеге асырылғалы отырған өзгерістерді талқылау және пікір алмасу, ұсыныс білдіру сынды мәселелер қаралды.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Осы орайда, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасыныңорынбасары — Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиевреспубликалық қоғамдық бірлестіктіңатынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне  кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтыұсынды. Ол өз сөзінде: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аса салмақты саясаткер, биік парасаттың иесі, терең білімді дипломат, кемел басшы, тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге белгілі ірі тұлға, саясат сахнасында шыңдалған, Тәуелсіздігімізді нығайтуға орасан зор үлес қосқан мемлекет қайраткері.

Бүгінде Президентіміз аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа Қазақстанның негізін қалап, оның көшін бастап келеді.  Шындығында, Әділетті Қазақстан құру жолында елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, саяси мәдениеттің қалыптаса бастауы баршамызды қуантады.

Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз және Қазақстанымыздың көшін бастауға лайықты тұлға деп білеміз. Оның қазақстандықтарды сара жолдан адастырмай, биіктерге бастай беретініне бек сенімдімін» — деді.

Өз кезегінде, жиынға қатысушылар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қызу қолдап, бірауыздан ұсынды.

Previous Post

Түркістанның туристік және инвестициялық әлеуеті Ферғана халқына таныстырылады

Next Post

Түркістанда 12 қабатты 5 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz