gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бекарыс Шойбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Бекарыс Шойбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандық ақын Бекарыс Шойбек елордада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде қолдауға шақырды.
«Партиямыздың бүгінгі съезінде күрделі кезеңнің өткір мәселелері кеңінен талқыланды. Оның ішінде сыртқы қауіптердің алдын алу шаралары да бар. Мемлекет басшысы Түркістанда сөйлеген сөзінде «Біз үшін ең маңыздысы — халқымыздың аумақтық тұтастығы мен әл-ауқаты» деген еді. Осыған қатты мән беруіміз керек», — деді ол AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.
Белгілі ақын алдағы президент сайлауының маңыздылығына тоқталып, бұл саяси науқанға ел азаматтары ұйымшылдықпен атсалысуы керектігін атап өтті.
«Біз еліміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды саяси науқанды өткізгелі отырмыз. Олай болса «AMANAT» партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған реформаларды бірігіп жүзеге асыруға атсалысайық», — деді Бекарыс Шойбек.
Айтыскер ақын, партияның Саяси кеңесінің мүшесі Бекарыс Шойбековтің айтуынша, ең қиын кезеңдерде Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым халықпен бірге түйткілді мәселелердің шешу жолдарын таба білді. Бұған Арыс, Мақтаарал, Қаңтар оқиғасы, Қостанай мысал бола алады.
Айта кетейік, бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Түркістан облысынан барған 65 делегат партияның бастамасына толық қолдау көрсетті. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр.
Previous Post

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси дәуірі басталды

Next Post

«AMANAT» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттікке ұсыну шешімін қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz