gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысы шықты

12 октября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында Президент сайлауына тыңғылықты дайындық бар
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысын шығарды. Қазақстан Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйектен 11 қазанға дейін жалғасты.

ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кеше сағат 18:00-де аяқталды.

«Орталық сайлау комиссиясына республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған 12 кандидаттың құжаттары ұсынылды», деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Кезектен тыс Президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалициядан, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен қатысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсынан Қарақат Әбден, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Нұрлан Әуесбаев сайлауға түседі.

Сондай-ақ Талғат Ерғалиев Қазақстан құрылысшылар Одағынан, Жұматай Әлиев «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен, Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ талдары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен, Нұржан Әлтаев «Мұқалмас» РҚБ-нан, Хайрулла Ғабжалилов Оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінен өз кандидатураларын ұсынды.

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеудің соңғы күні Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы» қоғамдық бірлестігінен Бақыт Жаңабаев және «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизакова өз құжаттарын тапсырды.

Сайлау 20 қарашаға жоспарланған. Қазақстан Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшері — 3 млн теңге. Кандидаттың тууы бойынша ҚР азаматтығы, жоғары білімі, ел аумағында соңғы 15 жыл тұруы тиіс. Жасы кем дегенде 40 жаста болуы керек. Үміткердің белсенді сайлау құқығы болуы, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болып, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Қазақстан Президенттігіне әрбір кандидат 118 мың қол жинауы тиіс.

Previous Post

Ордабасыда 2 ауылға газ берілді

Next Post

Қоғам жаңаруды қалайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz