gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының негізгі капиталына 772,8 млрд.теңге инвестиция салынбақ

14 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының негізгі капиталына 772,8 млрд.теңге инвестиция салынбақ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында жалпы құны 12,7 млрд. теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 1000-ға жуық жұмыс орны ашылды. Биыл облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көрсеткіші 340 млрд. теңгеге жуық. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7% жоғары. Жалпы жылдық жоспар — 772,8 млрд. тг.
Өңірде 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,1 трлн. теңгеге 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде 10 ірі жоба іске асырылады. Атап айқанда, «Састөбе» Химиялық комплексі ЖШС, «Созақ Фосфат» ЖШС, «Standart Petrolleum» ЖШС, «Ocean Energy Company», «Саутс-ойл» ЖШС 2 жоба, «Ecoculture Eurasia» ЖШС, «ARM wind» ЖШС, «Ecoinvest» ЖШС «ПГУ Туркестан» ЖШС. Бұл өндіріс орындарында 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, электрмен қамтамасыз, денсаулық сақтау саласында жүзеге асады. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы құны 45,1 млрд. теңгеге 44 инвестцииялық жоба іске қосу жоспарланған, 1520 жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ орналасқан. Жалпы аумағы 538 га құрайды. Оның ішінде қазіргі таңда 6 индустриалды аймақта құны 34,169 млрд.тг. құрайтын 44 жоба іске қосылған (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИА-Бадам (Ордабасы ауданы), Мақтаарал, Қазығұрт), 2500 ға жуық жұмыс орындары ашылған.
Шарадара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында инфроқұрылым жүйелерімен толық қамтамасыз ету үшін тиісті қаражат бөлінген. Бұл жұмыстар жақын арада аяяқталатын болады. Кейбір аудандарда агро-индустриалдық құру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Түркістан қаласында 2019 жылы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Оның аумағы 4 га құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады. Атап айтқанда, тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, өнеркәсіптік аймақтар мен әуежай аймағы. «TURKISTAN» АЭА — да жалпы сомасы 771,1 млрд. теңгеге 91 жобаларды жүзеге асыру бойынша шартқа қол қойылған. Оның ішінде 74 жоба қала құрылысы бойынша іске асырылуда. Жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылып, 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Барлық жобалар іске асырылғанда тағы 8 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылады.
Previous Post

Бәйдібек ауданында 70 шақырымнан аса ескі жол жаңартылды

Next Post

Түркістан қаласында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz