gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент сайлауы: Үміткерлердің ішінде 8 кандидат қана талапқа сай

14 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент сайлауы: Үміткерлердің ішінде 8 кандидат қана талапқа сай
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті.

«Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық қарадық», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Яғни 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні. Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.

Ал үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Еске салсақ, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

Previous Post

Түркістан қаласы тұрғындарына жылу 1 қараша күні беріледі

Next Post

Өзіңіздің сайлау учаскеңізді анықтап алыңыз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz