gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат  ретінде тіркеу мәселесі бойынша Ортсайлауком отырысы өтті

16 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат  ретінде тіркеу мәселесі бойынша Ортсайлауком отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы 15 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен  Мейрам Зекешұлы Кажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі  Шавқат Өтемісов баяндама жасады. Ол 2022 жылдың 4 қазанында Орталық сайлау комиссиясына «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды:
— Президенттікке кандидат М.З.Қажыкеннің және оның зайыбының активтер мен міндеттемелер жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
— Президенттікке кандидат М.З. Қажыкеннің оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы;
— облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат М.З. Қажыкенді қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары.
Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат М.З. Қажыкеннің қолдауына Қазақстанның 14 өңіріндегі 122 184 азаматтың қолы жиналды. Тексеру нәтижесінде 120 055 қолдың дұрыстығы анықталды, яғни қажетті саны, кемінде 1% немесе 118 273 қамтамасыз етілді.
М.З. Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.
ҚР ОСК қаулысымен Мейрам Зекешұлы Кажыкен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркелді, оған тиісті куәлік берілді.
Орталық сайлау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен М.З. Қажыкеннің брифингі өтті.

Previous Post

Өзіңіздің сайлау учаскеңізді анықтап алыңыз!

Next Post

«Қазақстан заңгерлер одағы»: ОСК-ның бірнеше кандидатты тіркеуден бас тартуы заң талаптарына сай

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz