gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек

17 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек
Share on FacebookShare on Twitter
Тұрғындарды газбен қамту мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды жедел «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Түркістан облысындағы филиалына да ұсыныстар берілді.
– Адамдар газ келді деп қуанады. Бірақ газды үйге кіргізуге дейін түрлі қиындықтардан өтеді. Осы мәселені бақылауға алып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек. Газ саласына қатысты әрбір мәселеге жауапты тұлғалар бекітіліп, тұрақты мониторинг жасалуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиевтің айтуынша, облыста 31 автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) бар. 5 АГТС құрылысы жүргізіліп жатыр.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің (2 млн. 75 мың тұрғын) 457-сі табиғи газбен қамтылған. Елді мекендегі халық санымен есептесек 1 млн. 529 мың тұрғын немесе 73,7 пайызы табиғи газды қосу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.
2022 жылы 69 газ нысанының құрылысына 15,9 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 9 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Қалған 60 нысан 2023 жылға өтпелі. 2022 жыл қорытындысымен, 467 елді мекен (56,2%) немесе 1 млн. 561 мың халық (75,2%) табиғи газды қосуға мүмкіндік алады. Алдағы 3 жылда қосымша 255 елді мекен табиғи газға қосылып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге жетеді (86,8%) немесе 2 млн. 3 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді.
Previous Post

Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Next Post

Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары көбейеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz