gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тарихи мекендер мен ескерткіштерді қорғау мәселесі талқыланды

17 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Тарихи мекендер мен ескерткіштерді қорғау мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысындағы Қаратау қойнауы тарихи орындар мен мәдени ошақтарға бай. Қаратаудың баурайындағы Сауран, Созақ аудандарында орналасқан тарихи-мәдени ескеткіштерді қорғау, сакральды мекендер мен қорымдарды қамқорлыққа алу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатта Созақ ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Басқосуды аталған кеңестің төрайымы Қалыйма Жантөреева ашып, жүргізді. Жиынға Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Тельман Бейсен, кеңес мүшелері Сейдулла Айкөзов, Жазира Исаева, Гүлжанат Дүйсенбаева қатысты. Кеңес отырысында «Қызқорған», «Балақорған» тарихи орындарының қазіргі жай-күйі мен мәселелері, Созақ ауданындағы мәдени ошақтарының ахуалы айтылып, мәдениет пен өнер саласында атқарылған шаралардың есебі тыңдалды.
– «Қызқорған» мен «Балақорған» ескерткіштері маңынан құрылыс үшін тақта тастарды алуды тоқтату кезек күттірмейтін проблема. Әйтпесе, бұл тарихи орындар мүлде жойылып кетуі мүмкін. Сол орындарға келетін туристерге арнап жол белгілерін орнатып, мобильді қосымшаларды енгізу керек. Бұл әрі өңір туризміне де қосылар үлес болар еді. Сонымен қатар тарихи жәдігерлер туралы мәліметтер мен қос ауданның зиялы қауым өкілдерінің пікірін топтастырып, жинақ етіп шығаруды да қолға алу қажет,–деді ол.
Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Оразовтың баяндамасына сәйкес жиын соңында аудан әкімдігі мен мәдениет бөліміне бірқатар ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, аумақтағы қирауға жақын және жойылуы мүмкін археологиялық, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, оларды қорғау бойынша міндеттер жүктелді. Сондай-ақ елді мекендердегі орта мектептердің үйірмелерінің сабақтарын Мәдениет үйлерінде өткізуге ықпал жасау мәселесі де сөз болды. Кеңес төрағасы аталмыш тапсырмалардың орындалуы мен жүзеге асуы «Miras» қоғамдық кеңесінің бақылауында болатынын айтып, жиынды қорытындылады.
Previous Post

Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары көбейеді

Next Post

Түркістан облысында ірімшік өндірісі дамуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz