gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент сайлауы – ел келешегі үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін күн

19 октября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент сайлауы – ел келешегі үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін күн
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде биыл айтулы оқиға. Қазақстандықтар өз Президентін сайлайды. Президент сайлауы – тек Мемлекет басшысын ғана таңдау емес, бұл – ел болашағы үшін де жасалатын маңызды қадам. Сол себепті саяси маңызы зор шараға қатысу, жауапкершілік таныту — әрбір азаматтың құқығы әрі парызы.

Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті сайлауында бақ сынайтын 7 үміткерді толық мақұлдады. Олар қазір өз бағдарламаларын дайындауда. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні сағат 18:00-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-ге дейін жалғасады.

19 қараша тыныштық күніне ұласып, 20 қараша сайлау басталады. Дәл осы аса маңызды күнде отандастарымды белсенділік танытуға шақырамын.

«Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ»,- деп Назым Хикмет жырлағанындай, жаңа Қазақстанның қалыптасуына, қоғамның өзгеруіне әрбіріміз жауаптымыз.

Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік бермек. Әлеуметтік жағдайымыз тұрақты, экономикамыз қарқын алған заманда ертеңгі болашаққа сеніммен қарайтын әрбір азамат сайлаудан қалыс қалмауы тиіс.

Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Сондықтан, Тәуелсіздігіміз тұғырлы һәм баянды болуын қаласақ, Президент сайлауына белсенді түрде қатысайық.

Тельман БЕЙСЕН,
«Turkistan Media Holding» ЖШС атқарушы директоры

Previous Post

Түркістан облысында рухани келісім күніне орай спорттың төрт түрінен сайыс өтті

Next Post

Алдағы сайлау - еліміздегі саяси реформалардың салиқалы жалғасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz