gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Маңызды өзгерістерді бірге жасайық!

27 октября, 2022
in Қоғам
0
Маңызды өзгерістерді бірге жасайық!
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамда жастардың орны бөлек. Елдің тірегі болып қана қоймай, болашақты да айқындайтын жас буыны екені даусыз. Ал келешегін бағамдайтын қазіргі мемлекет жастарының санасы ояу, білімі жоғары болуы үшін барлық мүмкіндіктер берілуде.

Мен бейбіт Қазақстан елінің жас ұрпағымын. Бүгінде ата-бабамыздың ғибратты тәлім қалдыруынан тыныш әрі бақытты өмір сүріп келеміз. Демек, келер ұрпақтың жақсы өмір сүруі біздің қолымызда деген сөз.

Елімнің болашағы мен үшін маңызды қадамдарды атқарудан тұрады. Мәңгілік әрі мықты ел болу үшін жаңару арқылы жоғары дамуға қадам басуымыз қажет. Бұл жаңаруда Президент бір рет және жеті жылға сайланады. Қайта сайлану мүмкіндігі болмайды. Яғни бұл — жаңа Қазақстан құруға деген нақты қадам. Қазақстанның жарқын болашағын жанкешті еңбек арқылы құруға болады. Қазақстан үшін қызмет ету – біз үшін үлкен мәртебе. Алаш қайраткерлерінің жоғары мақсаты мен асыл арманы – халыққа қалтқысыз қызмет ету болатын. Осы жолда ар-намыспен жүре отырып өз елімізге, оның халқына кең ауқымда қызмет етуіміз керек деп есептеймін.

Еліміздегі маңызды өзгеріске белсене қатысу — әрбір азаматтың болашақ ұрпақ алдындағы парызы. Сондықтан, барша жұртшылықты 20 қарашада өтетін Президент сайлауына белсене қатысуға және дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

Әнелі МЕЙІРБЕК,
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы

Previous Post

Еңбек адамы - әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегі

Next Post

Алдағы сайлау елдігімізді көрсететін сәт

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz