gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өңірлерде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері тағайындалды

28 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Өңірлерде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңға сәйкес бірқатар облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында омбудсменнің өкілдері тағайындалды.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмыстыбастады. Сондай-ақ, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Жетісуда конкурстық іс-шаралар жалғасуда.

Ағымдағы жылы Қазақстанның 17 өңірінде Уәкілдің өкілдігі жұмыс істейтін болады. Тағы 3 өңірде (Ұлытау, Абай және Алматы облыстары) өкілдіктер 2023 жылы тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін ашылады деп жоспарлануда.

Өкілдер мемлекеттік қызметші болып табылады және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тағайындалды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің лауазымы Қазақстан аумағында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкiлдiң атына ауылдық жерлерде тұратын азаматтардыңқұқықтарын қорғаудағы қол жетімділігі мақсатында құрылған.

Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ынталандыру және ілгерілету мақсатында мемлекеттік билік органдарына, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну жөнінде кең өкілеттіктер берілген.

Өкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағында орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе олардың өкілдері жүгіне алады.

Өкілдердің тізімімен байланыс деректерімен сілтеме бойынша таныса аласыз:https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/about/structure/448/1?lang=kk

Previous Post

Жигули Дайрабаев: Ғылым мен өндірісте үндестік керек

Next Post

Мейрам Қажыкен Қостанай жұртшылығымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz