gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарақат Әбден еңбек ұжымдарымен жүздесті

31 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қарақат Әбден еңбек ұжымдарымен жүздесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің Семей қаласындағы сайлауалды кездесуі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келді.

Қарақат Әбден үшін бұл мерекенің орны ерекше екендігі белгілі болды. «Мені президенттікке кандидат ретінде «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ұсынған болатын. Әлеуметтік қызметтің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Көп жағдайда әлеуметтік қызметкерлердің қиын жұмысы көпшілікке көрінбейді. Сондай-ақ бұл салада еңбек ететін жандардың 90% әйелдер қауымы құрайды. Жалпы, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөліну керек деп санаймын», деді Қ.Әбден.

Жиын барысында президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік саланы жетілдіруге, қарияларға арналған жеңілдіктерді көбейтуге қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды талқылады.

Бұған дейін Қ.Әбден Павлодар қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізген болатын. Кандидат ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерге назар аударды. «Студенттер, білім алушы жастар – еліміздің болашағы, ал ұстаздар – қоғамдағы орны ерекше тұлғалар. Сайлауалды бағдарламада білім беру саласын жетілдіруге көп көңіл бөлінген. Әсіресе, білім алушылар үшін жоғары білімнің тегін болуы, олардың жатақханамен, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі аса өзекті», деді кандидат.

Previous Post

Лайықты өмір – лайықты жалақы

Next Post

Сайлауға салғырт қарамайық!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz