gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК

1 ноября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімін учаскелерге беру мәселесін талқылады.

«Азаматтар ел президентін сайлауға конституциялық құқығын сайлаушылар тізімі негізінде дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Сондықтан сайлау процесінің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі ретінде сайлаушылардың толық тізімін қалыптастыру мәселесі Орталық сайлау комиссиясының өткен отырысында арнайы қаралған болатын. Сол кезде жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылып еді. Біріншісі – жазбаша өтініштер негізінде, оның ішінде уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы азаматтарды кеңінен хабардар ету. Екінші – сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеру мен азаматтарға олардың сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпарат беру бойынша ақпараттық сервистерді, атап айтқанда колл-орталықтарды, интернет-ресурстарды барныша іске қосу», — деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне енгізу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындады, олар республикалық БАҚ-та жарияланды.

«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 24 және 26,1-баптарына сәйкес, әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне өз шешімімен учаске құрған әкім қол қояды және ол дауыс беру басталардан 20 күн бұрын акт бойынша ұсынылады. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін тиісті әкім дауыс беру басталардан 20 күн бұрын акт бойынша аумақтық комиссияға ұсынады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың ОСК бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес, кеше 30 қазанда тиісті әкімдер сайлаушылардың тізімдерін әрбір сайлау учаскесі бойынша аумақтық сайлау комиссияларына берді. Бұл бағытта қандай жұмыс жүргзілігенін білу үшін бүгін барлық өңірлердің есебін тыңдаймыз», — деді Н. Әбдіров.
Осылайша, Астана әкімінің орынбасары Есет Байкеннің айтуынша, елордада сайлаушылар тізіміне 760 321 азамат енгізілген.
Әрбір сайлау учаскесі бойынша тізімге Астана әкімі қол қойды, оның шешімі 30 қазанда учаскелік сайлау комиссияларына қағаз түрінде, аумақтық комиссияға электронды түрде акт бойынша ұсынылған.

Орталық сайлау комиссиясы барлық өңірлер өкілдерінің есептерін тыңдап, ұсынылған ақпаратты назарға алды.

«Құрметті сайлаушылар! Өзіңізді тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізіміне енгізуді тиісті әкімдіктің сайтынан немесе колл орталық арқылы тексеруге болады. 2022 жылдың 4 қарашасынан бастап өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі», — деді Н. Әбдіров.

Previous Post

Сайлауға салғырт қарамайық!

Next Post

Қазақстандағы Президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz