gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сайлау — дамуға бастар жол

2 ноября, 2022
in Қоғам
0
Сайлау — дамуға бастар жол
Share on FacebookShare on Twitter

Құрметті түркістандықтар!
Баршаңызға белгілі, ағымдағы жылғы 20 қарашада елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президенті сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабы төрағасының орынбасары ретінде үгіт-насихат кезеңінде кандидаттың Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндірмелер топтамасын назарларыңызға ұсынатын боламын.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасы үш қағидаттан тұрады: Бірінші қағидат – Әділетті мемлекет, екінші қағидат – Әділетті экономика, үшінші қағидат – Әділ қоғам деп аталады.
Әділетті мемлекет қағидаты саяси жаңғыруды жүйелі түрде жалғастыра отырып, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, сот билігінің тәуелсіздігін нығайту, құқық қорғау саласында түбегейлі реформа жүргізіп, армияның қорғаныс қабілетін күшейтуді көздейді.
Әділетті мемлекет қағидатының бір тармағы – саяси жаңғыру.
Саяси қайта құру биліктің барлық тармағының оңтайлы теңгерімі сақталған тұрақты мемлекет базасын қалыптастыруға бағытталады.
Саяси қайта құрудағы стратегиялық мақсат – халық пен биліктің ұйысқан түрдегі ұстанымы бойынша шешім шығаратын әділетті мемлекет құру.
Конституциялық сот азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтаудың сенімді кепілі болады.
Жаңа саяси модельде үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, саяси партиялар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, мүлік иелері бірлестігі мен кәсіподақтар сынды азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады.
Ауыл және аудан әкімін, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын тікелей сайлау, облыс әкімін баламалы негізде тағайындау, Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихаттар депутаттарын аралас жүйе бойынша сайлау – осының бәрі азаматтың мемлекеттік негізгі институттарды қалыптастыруға тікелей, ашық және инклюзивті қатысуын қамтамасыз етеді.

Қайрат Балабиев,

облыстық мәслихат хатшысы

Previous Post

Сайлауға қатысу азаматтық борышымыз

Next Post

Тарихи мағыналы өзгерістер дамуға алып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz