gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Штаб мүшелері дұрыс таңдау жасауға шақырды

2 ноября, 2022
in Қоғам
0
Штаб мүшелері дұрыс таңдау жасауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін ҚР Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Д.Тәңірбергенов, Ж.Құлбайымбетов пен Ғ.Сарсенбаев Түркістандағы Конгресс хол кешенінде өнер майталмандарымен кездесті.
Жиында сөз алған қалалық штаб төрағасы Ғаппар Сарсенбаев сайлауалды бағдарламаның басым бөлігі еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуына, яғни, әлеуметтік көмек көрсету, мектеп, аурухана салу, мемлекеттің қаржысын тиімді пайдалану, бала капиталын жетілдіру секілді өзекті мәселелерге арналғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, тұрғындардың әлеуетін көтеру мақсатында түрлі бағдарламалар қолға алынатынын айтып, азаматтарды сайлау күні таңдау жасауға шақырды.
Сондай-ақ, қоғамдық штаб мүшелері С.Ахтаев, А.Сахов, Т.Әміралиев пен Ж.Амангелдиев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Төлеби аудандық бөлімшесінің ұжымымен кездесіп, Қ.Тоқаевтың стратегиялық бағыттарды айқындаған сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Кездесуде А.Сахов кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды атап өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады. Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. Басшылардың айтқаны заң деген ұғым келмеске кетеді. Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек» — деген сөзін тілге тиек етті.
Ал, Арыстағы сенімді өкілдер Бақтығали Ділдәбеков пен Ғалымжан Құмарбеков Қожатоғай ауылдық округіндегі тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
— Ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамыту көзделуде. Бұл бойынша алдағы 3 жылда ауқымды жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы 1 триллионға жеткізілмек. Мұның бәрі – ауыл тұрмысын жақсартуға жасалған қадамдар, — деді Бақтығали Ділдәбеков.
Сондай-ақ, 20 қараша күні өтетін сайлауға бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.
Previous Post

Түркістанда “Әйелдердің ел дамуындағы рөлі” атты форум өтті

Next Post

Тұрғындар Әділетті Қазақстанды құруға атсалысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz