gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістандықтар сайлауалды бағдарламамен танысып жатыр

3 ноября, 2022
in Қоғам
0
Түркістандықтар сайлауалды бағдарламамен танысып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау мақсатындағы Республикалық қоғамдық штаб мүшесі А.Салимов және сенімді өкіл Қ.Қыстаубаев Сарыағаштағы «Яссы нан» сауда үйіне барып, келушілерді сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

— Бізде шынайы саяси бәсеке орнықтырылатын болады. Сайлаудың озық мәдениетін қалыптастырамыз. Партиялар арасындағы пікірталастың және қоғамдық талқылаудың өркениетті түрде өтуіне жағдай жасалады. Жаңа саяси жүйеде азаматтық қоғамның барлық институттары маңызды рөл атқаратын болады. Тиімді мемлекеттік басқару жүйесі табысқа жетудің негізгі жолына айналады. Міне, кандидат осындай кепілдік беріп отыр, — деді А.Салимов өз сөзінде.

Сондай-ақ, штаб мүшелері Ә.Бердімұрат мен Б.Шәмет Ордабасы ауданы, Жеңіс ауыл округіндегі «НҰР» өндірістік коперативінің қызметкерлерімен кездесті. Аталған кездесуде Әлиасқар Бердімұрат сөз алып:

— Өздеріңізге белгілі, экономиканың маңызды саласы ретінде еліміз ауылшаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, қаржылай көмек беру де қолға алынады», — деді. Сонымен бірге, ауылшарушылығын субсиядияландыру бойынша әңгіме өрбіп, оны жүзеге асыру жолдары талқыға түсті.

Ал, штаб өкілдері Ұ.Жұрымбетова мен О.Мамиров Мақтааралдағы Иіржар ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Дихан ауылындағы мәдениет үйінде өтткен жиында кандидат бағдарламасындағы әрбір бағыт табысты ұлт болудың алғышарты екендігі, ауыл мен қала тұрмысының деңгейін жақындатуға күш салынатыны айтылды.

— Мемлекетті халық құрады, ал халықты ортақ құндылықтар ұйыстырады. Әділетті Қазақстанды айқындайтын басты құндылықтар – еліміздің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен унитарлығы, бірлік, отаншылдық, еңбекқорлық, отбасылық құндылық, халқымыздың тарихы мен дәстүрі. Осы құндылықтарды нығайта отырып, біз елімізді ішкі және сыртқы сын-қатерден қорғаймыз, азаматтарымызды жарқын болашаққа бастаймыз, — деді штаб мүшесі Ұлжанат Серікбайқызы.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шараларға қатысқан сенімді өкілдер азаматтарды сайлауға белсене қатысып, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды. Сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.

Previous Post

Түркістандықтар өз сайлау учаскесін анықтай алады

Next Post

Тоқаевты қолдау жөніндегі штабта зиялы қауым өкілдері бас қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz