gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарақат Әбден жастармен кездесу өткізді

7 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қарақат Әбден жастармен кездесу өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Жезқазған қаласына ат басын бұрған үміткер жергілікті сайлаушылармен, жастар қауымымен кездесті.

Жиын барысында жастарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды. Олардың қатарында орта техникалық және жоғары білім, жатақхана мәселелері бар.«Ертеңгі үмітіміз, болашағымыз – жастар. Олардың жағдайын қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз. Жастарға бүгінгі көмек — бұл біздің ертеңгі күнімізге тікелей инвестиция. Бүгінгі кездесу барысында көптеген өзекті мәселелер көтерілді.Жастардың қоғамдық мәселелерге белсене араласып жүргені қуантады. Олар түрлі өзекті сауалдарды жолдап, ерекше идеяларымен бөлісуде», — деп жеткізді өз сөзінде Қ.Әбден.

Бұдан бөлек, жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қыздардың үйлесімді тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде де сөз қозғалды.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Previous Post

ОСК төрағасы Павлодар мен Ақмоладағы учаскелердің сайлауға дайындығын тексерді

Next Post

Жигули Дайрабаев Алматы іргесіндегі Нұра ауылында сайлаушылармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz