gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Солтүстікқазақстандық шаруаларымен кездесті

9 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Солтүстікқазақстандық шаруаларымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездесті.

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында облыс шаруаларының және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің мәселелерімен танысты. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген, алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

— Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ахуал еліміздің дамуына өз салдарын тигізді. Соған қарамастан біз Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайтып, бірлігімізді арттыра түстік. Қазіргі таңда еліміз жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи кезеңге қадам басып отыр,- деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ штаб мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады.

Петропавл қаласындағы «Kozybayev University» университетінде өткен жастармен кездесуде штаб мүшелері еліміздің барлық жас азаматын өз қабілетін толық жүзеге асыруға шақырды. Штаб мүшелері әсіресе әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге қатысты сайлау алдындағы бастамаға баса назар аударды.

Previous Post

Нұрлан Әуесбаев: Стратегиялық салаларда Қазақстан протекционизм позициясын ұстануы қажет

Next Post

Сайлау халқымызды ортақ мүдде жолында біріктіреді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz