gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады

10 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқавты қолдау жөніндегі штабтың Түркістан облысындағы мүшелері сайлауалды бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Мәселен, бүгін Келес ауданындағы сенімді өкілдер А.Жұмабеков пен О.Егембердиев Ұшқын ауылына барып, ауыл тұрғындарын «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламадағы алдағы 7 жылға бағытталған «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика» және «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты 3 қағидатпен толыққанды таныстырды.

Сонымен қатар, Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Б. Нұрмағанбетов, Түркістан қаласындағы сенімді өкілдер Ғ.Сәрсенбаев, Ж.Сулейменова, Н.Жүсіпбаев, А.Абдуллаев пен Ардақ Мансуров Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкерлерімен кездесіп, үміткердің денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектердің сапасын жақсарту және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету, отандық медицина ғылымын дамыту, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жөніндегі жоспарларын түсіндірді.

Одан бөлек, халықтық коалиция өкілдері М.Жұмаханұлы, Е.Сағындық пен Б.Сүгірбаев Созақ ауданындағы Қарақұр ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарға тоқталып, ауылшаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналатындығын, алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық берілетінін және ауыл тұрғындарының бастамаларына қолдау көрсетілетінін айтты.

Жалпы, бүгін Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқавтың сайлауалды бағдарламасын елге түсіндіру мақстанда 87 іс-шара өткізіліп, 12 мыңнан астам адам бағдарламамен танысты. Кездесулерде сайлаушыларға Қ.К.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.

Previous Post

Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмысының барысы таныстырылды

Next Post

7 жылдың ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz