ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері Ә.Бердімұрат пен А.Жөргенбай Ордабасы ауданындағы ардагерлермен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
— Қазіргі күрделі әлемдік ахуалға қарамастан Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатқа баса мән берді. Білім беру, денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту көлемі ұлғайды. Ұлт саулығын жақсартуға, оның сапасын нығайтуға, адами капиталды арттыруға көңіл бөлініп отыр. Ал біз ішкі саясатта бірлік пен ауызбіршілігіміздің маңызды екенін естен шығармағанымыз дұрыс болады. Әлемде қақтығыстар өршіп тұрған кезде бірлігімізді бекемдеп, берекелі ел болу үшін, ұлт мүддесі үшін ұйысуымыз керек – деді штаб өкілдері.
Сондай-ақ, кандидаттың сенімді өкілдері А.Жұмабеков пен Н.Мережепов Келестегі «Мерген-Н» ЖШС-на барып, ұжымды кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының алдағы 7 жылға бағытталған бағдарламасымен толыққанды таныстырды. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын одан әрі орнықтыру үшін тың шаралар қолға алынып, сол арқылы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығайып, мемлекеттің азаматтармен және бизнес өкілдерімен жүзбе-жүз кездеспей-ақ қашықтан тиімді жұмыс істеуіне қажетті цифрлық инфрақұрылым жасалатындығын айтып өтті.
Одан бөлек, халықтық коалиция өкілдері М.Ажіқабылов пен С.Кенжебаев Мақтааралдағы «Сапар» базарының сатушыларымен кездесіп, алдағы жылдары еңбек адамдарының мәртебесі мен табысы артатыны сөз болды. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт https://toqaev2022.kz/?utm_source=turkobl&utm_medium=turkobl&utm_campaign=turkobl&utm_content=turkobl&utm_term=turkobl
жөнінде ақпарат беріп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.



