gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауылдық жерлерде 700 жаңа медициналық нысан ашылады

10 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ауылдық жерлерде 700 жаңа медициналық нысан ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілдері Қ.Еркебаев, С.Қасымбек, С.Адилбеков пен Б.Миркадиров заман омыртқа және буын ауруларын емдеуге бағытталған «Түлкібас саясы» емдеу-сауықтыру орталығының ұжымы және демалушылармен кездесу өткізді.

Жиында үміткердің бағдарламасына сәйкес, медицина мамандарының мәртебесін арттыру және халықтың денсаулығын сақтау саласына ерекше көңіл бөлінетіндігі сөз болды. Сонымен қатар, штаб мүшелері Г.Нұртанова, Г.Ирискельдиев, А.Джамалова мен Ш.Бегалиева Сайрамдағы Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі сайлаушылармен жүздесті. Кездесуге қатысқан сенімді өкілдер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды 7 жылдық бағдарламасындағы басым бағыттарды баяндады.

— Кандидатымыз ауыл адамдарының мәселесіне айрықша көңіл бөліп отыр. Себебі, елді дамудың даңғыл жолына бастайтын негізігі күш ауыл тұрғындары — Сіздерсіздер. Әрбіріңіздің балаларыңыз жақсы оқып, білім алуы, бәсекеге қабілетті маман болуы да біздің кандидатымыздың басты назарында, — деді Ш.Бегалиева.

Ал, Қазығұрт ауданындағы халықтық коалиция өкілдері Жансейтова мен А.Ақынғазиева «Serper Invest» ЖШС ұжымымен жиын өткізді. Сенімді өкілдер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы адал бәсекелестікке жағдай жасау арқылы мемлекеттің экономикаға араласуын жоспарлы түрде азайтуға кепілдік беретінін атап өтті.

— 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ды құрайды. Ал, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 4,7 млн адамға дейін артады. Әділетті Қазақстанның негізін ең алдымен еңбек адамы құрайды, – деді қоғамдық штаб мүшесі Ж.Жансейтова.

Жалпы, қазіргі уақытта кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың өңірдегі өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде өткізіп келеді. Мәселен, бүгін сенімді өкілдер облыс бойынша 88 іс-шараға қатысып, 12 мыңнан астам азаматқа үміткердің бағдарламасын түсіндірді.

Previous Post

Нұрлан Әуесбаев елордалық жатақхана тұрғындарымен кездесу өткізді

Next Post

БҮГІН ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТТАР ТЕЛЕДЕБАТҚА ШЫҒАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz