gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

11 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері Кентаудағы «Жасыл қала» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

— Бізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы негізінде саяси жүйені жаңғырту жалғасады. Тек ұлт игілігі үшін жұмыс істейтін, ішкі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мен мемлекеттің сыртқы мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат құрылады» — деген штаб өкілі М.Садуов сайлауалды бағдарламада қамтылған басымдықтарды талқылады.

Ал, сенімді өкілдер А.Басаров пен Б.Самбетов Кентаудағы «Темір Бетон» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Олар кандидаттың ел экономикасын өркендетуге қосқан үлесі жайында баяндап, алдағы жылдары «Лайықты жұмыс және еңбекті қорғау» бағыты аясында еңбек адамдарының құқығы қорғалатынын, мәртебелері артып, табыстары көбейетінін айтты.

Сондай-ақ, Түркістандағы халықтық коалиция өкілі Ғ.Худияров Конгресс хол көпсалалы кешенінің ұжымымен жүздесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. Басқосуда сөз кезегін алған мекеме директоры Ғ.Ерназаров елімізде өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталып, тағдыршешті кезеңде белсенді болып, еңбек ұжымын сайлауда өз таңдауларын жасауға шақырды.

— Азаматтар үшін ең маңыздысы – әл-ауқаттың артуы. Елдегі экономикалық жетістіктерді әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бұл – әділдіктің белгісі. Сондықтан алдымызға нақты мақсаттар қойып отырмыз. Оған қол жеткізу үшін біз үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз керек, — деді Ғ.Худияров.

Одан бөлек, штаб мүшелері Д.Әбіш пен Ә.Бердімұрат Ордабасы ауданындағы «AiyaTrade» ЖШС магистральды кәсіпорын қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Штаб мүшесі Д.Әбіш елімізде еңбек адамдарына ерекше жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, бұл қарапайым жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әл-ауқатын көтеру үшін қолға алынға реформа екенін жеткізді.

Жиындарға қатысқан штаб мүшелері барша азаматтарды маңызды саяси оқиғадан тыс қалмай, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт https://toqaev2022.kz/?utm_source=turkobl&utm_medium=turkobl&utm_campaign=turkobl&utm_content=turkobl&utm_term=turkobl жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫН

Next Post

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ - АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz