gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨҢІРЛЕРДЕ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ

13 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде ҚР ОСК мүшелері ел өңірлеріне көшпелі семинар-кеңестер өткізіп жүр. Кезекті кездесу Алматы қаласы, Павлодар, Қызылорда және Алматы облыстарында өтті.

9 қарашада ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Павлодар облысына, 10-12 қарашада Ортсайлауком мүшесі Сәбила Мұстафинамен бірге Алматы облысына, ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман 10 қарашада Қызылорда облысына барды.

Семинар-кеңестерге аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, БАҚ, уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ЕҚЫҰ ДИАҚБ және ТМД Миссияларының байқаушылары қатысты.

Семинар-кеңестердің бірінші бөлімінде ОСК мүшелері уәкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының заңдылығын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру, сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақтылы жеткізу туралы баяндамаларын тыңдады.

Семинар-кеңес бағдарламасының екінші бөлімінде ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізді.

Дауыс беру күніндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша сайлау комиссиялары мүшелерінің практикалық дағдылары, оның ішінде дауыс беру күніне сайлау учаскесін дайындау, сайлау бюллетеньдерін беру, үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған сайлау жәшіктерін сүйемелдеу, дауыстарды санау алгоритмі, дауыс беру қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу және т.б. тексерілді. ОСК-ның басқа мүшелері сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-қимыл алгоритмі бойынша нақтылайтын сұрақтар қойып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырудағы басты міндет оның ашықтығын қамтамасыз ету екенін еске салды.

Семинарлардан кейін ОСК мүшелері өңірлердің сайлау учаскелеріне барды. Сайлау комиссияларына ОСК мүшелері тарапынан әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ТЕЛЕДЕБАТЫ ӨТТІ

Next Post

Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz