gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласының прокуроры Ардақ Абдрешов: Бала қауіпсіздігін бақылау барлық ата-ананың міндеті

14 ноября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау қаласының прокуроры Ардақ Абдрешов: Бала қауіпсіздігін бақылау барлық ата-ананың міндеті
Share on FacebookShare on Twitter

— Ардақ Сапарғалиұлы, бүгінде бала тәрбиесі басты орынға шығып отыр. Қоғамда жастар арасындағы құқық бұзушылықтарда көбейіп барады. Жалпы Кентау қаласындағы жағдай қалай? Қала аумағында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында орын алып жатқан құқықбұзушылықтар көп пе?

— Қала аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бойынша жиі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биылғы жылы жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 266 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар бойынша 5 жағдай тіркелді. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар – 8 жағдай. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ екі есеге төмендегінен көреміз.

— Қазіргі таңда Кентау қаласы полиция бөлімінде қанша кәмелет жасқа толмаған балалар есепте тұр?

— Бұл жөнінде айтар болсақ, Кентау қаласы полиция бөлімінің профилактикалық есебіне, құқықбұзушылыққа бейім 45 жасөспірім және 23 жайсыз отбасы алынып, олармен бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аталған жасөспірімдер мектепішілік есепке алынған. Психологтар олармен тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр.

— Қала аумағындағы жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтсеңіз?

— Қала прокуратурасымен жасөспірімдер арасында орын алған құқықбұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, ол бойынша әлеуметтік желілер мен жерлгілікті БАҚ-да бірнеше мақалалар жарияланды. Атап айтқанда 27.10.-28.10.2022ж. Кентау қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен құзырлы органдармен бірлесіп, Кентау қаласының аумағында «Балалар қауіпсіздігі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Мұндағы басты мақсат — жасөспірімдер мен кәмелет жасқа толмаған балалардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарындағы көшеде жүруін болдырмау.

— Өзіңіз айтып өткен рейдтік іс-шара бойынша ойын-сауық орындарында жүрген қанша бала анықталды және заң бойынша олардың ата-аналары жауапкершілікке тартыла ма?

— Әрине, бала қауіпсіздігін бақылау барлық ата-ананың міндеті.

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1 бөлігінде «кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы» заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға ал, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер — заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Дегенмен қала аумағында жүргізілгелген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 11 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік айыппұл салынды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

— Әңгімеңізге рахмет.

Previous Post

Нұрлан Әуесбаевтың штабы елорда тұрғындарымен кездесті

Next Post

ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ 1800-ГЕ ЖУЫҚ БАЙҚАУШЫНЫ ДАЯРЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz