gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғындары белсенді түрде дауыс беріп жатыр

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының тұрғындары белсенді түрде дауыс беріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының тұрғындары таңмен таласа келіп, сайлауда белсенді түрде дауыс беріп жатыр.

Өңірде дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Еліміздің маңызды оқиғасынан шет қалмай, өз таңдауын жасауға келген аудан, қала тұрғындарының көңіл күйі көтеріңкі. Бүгін өңірдегі учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген түркістандықтардың қарасы қалың болды. Дауыс беру учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға түрлі сыйлықтар үлестіріліп жатыр.

Мәселен, Сайрам ауданында ең белсенді дауыс берушілер таңсәріден келіп өз болашағына байланысты таңдау жасады. Солардың бірі — Қарасу ауылдық округіндегі N560 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып 100 жастағы Садық Қуатбеков ақсақал немерелерімен келіп, өз таңдауын жасады.

Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген облыс тұрғындарының бірі — Жансая Торғауытова.

«Мен алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Еліміздің Президентін сайлау — отандастарымыз үшін маңызды іс. Бұл болашағымызға да тікелей әсер етеді. Сондықтан, таңертеңнен тұрып, белсенділігімді көрсетіп, дауыс беруге бірінші келіп отырмын» — деді жас сайлаушы.

Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Облыста 1 миллионнан аса сайлаушы дауыс береді. Өңірде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

Еске салайық, облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде.

Previous Post

100 жастағы ақсақал алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады

Next Post

Арыс қаласының тұрғындары өз таңдауларын жасауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz