gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 919 сайлау учаскесі үздіксіз жұмыс істеп тұр

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 919 сайлау учаскесі үздіксіз жұмыс істеп тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Түркістан облысында да қарқынды басталды. Дауыс берушілердің алғашқы легі таңғы сағат 7-ден сайлау учаскелеріне келе бастады. Өңірде қазір 919 сайлау учаскесі үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Облыс орталығы Түркістан қаласында 50 сайлау учаскесі бар. Соның бірі — №880 сайлау учаскесінде еліміздің әнұраны шырқалып, салтанатты түрде ашылды. Сағат 7:00-де бірінші келген зейнеткер мен 18 жастағы сайлаушыға комиссия төрайымы С.Махамбетова арнайы сыйлықтар табыстады. Жалынды жасты тұңғыш рет дауыс беруге қатысып жатқанымен құттықтады. Сонымен қатар бата берген зейнеткер ақсақалға дәстүр бойынша иығына шапан жапты.

Түркістан облысының аудан, қалаларындағы тұрғындар да сайлауда өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.

— Бүгін — халқымыз үшін айтулы күн. Бұл сайлаудан үлкен үміт, жақсылық күтеміз. Сайлау демократия талаптарына сай өтіп жатыр. Таңғы жетіден бастап жұмысқа кіріскен сайлау комиссиясының құрамы келушілерге қолайлы жағдай жасап, тұрақты мекенжайларына сәйкес қабылдау шараларын жүргізуде, — дейді мақтааралдық ардагер ұстаз Сегізбай Жанысбаев.

Айта кету керек, өңірде таң азанымен айлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы көп. Ел басшысын анықтайтын шараға жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл күні сайлауға бірінші болып келіп, дауыс берген ауыл азаматтары, сондай-ақ алғаш рет сайлауға қатысқан азаматтарға сайлау комиссиясы тарапынан сый-сияпат көрсетілуде.

Previous Post

Арыс қаласының тұрғындары өз таңдауларын жасауда

Next Post

18 жасар түркістандық сайлауда алғаш рет дауыс берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz