gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әділетті болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы қайырлы болсын!

21 ноября, 2022
in Қоғам
0
Әділетті  болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы қайырлы болсын!
Share on FacebookShare on Twitter
Халықтың билікке деген көзқарасын танудың бірден бір жолы – сайлау өткізу. Қазақстанда өткен Президент сайлауы кезінде көпшіліктің ортақ пікірі анықталды. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы сияқты тәжірибелі саясаткер үшін де маңызы зор көрсеткіш.
Қазақ халқында «Кеме қайда бағыт алғанын білмесе, оған жел де жәрдем бере алмайды» деген сөз бар. Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бағыты – айқын, мақсаты – анық. Кешегі өткен сайлау бүкіл Қазақстан қоғамын біріктіретін үлкен мәні бар саяси оқиға болды. Халық тарихи таңдау жасаған тағдыршешті саяси науқан Қазақстан қоғамының бірлігін, беріктігін және жоғары саналығын көрсетті.
Ел артқан сенім біреу. Ұстанған тура жолдан тайынбау. Төңіректегі түрлі қиындықтарға төтеп беру. Межелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін, әрине, сыртқы саясатымыз да сындарлы болуы шарт. Әлеммен байланысымызды бекемдеу қажет. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы, Қ.К. Тоқаев әлемдік саясатта да, елдік, ұлттық саясатта да өзін дәлелдеген кемеңгер басшы.
Еліміз үшін татулық пен тұрақтылықтан артық ешнәрсе жоқ. Тыныштықта өмір сүріп, алаңсыз еңбек еткенге, бақытты ұрпақ тәрбиелегенге не жетсін! Міне, ең бастысы – осы. Қазақстандықтар тарихи кезеңде , ел бірлігі мен кемел келешекке және де жаңа мемлекеттік саясат орнап, Әділетті қоғам құруға сенім артты. «Мәңгілік елдің» мызғымас ұстанымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын да әділетті болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы.
Ал, Жеке үміткерлер президенттік жарыста жеңілгенімен, бұл сындарлы сәттен озық тәжірбие жинады. Кейбір үміткерлер перспективалы жоспарлар құрып, үгіт-насихат кезеңінде, сайлаушылармен байланыс орната алды. Сайлауға қатысу тәжірибесі, сайлаушылар арасында танылуы және сайлау платформасын одан әрі жаңартуға және бастамаларының жалғасын табуына мүмкіндік береді. Еліміздің саяси тарихынының жаңа парағы ашылды. Келесі саяси кезең – парламенттік сайлау. Кандидаттардың қолында кейінгі табысқа жету үшін барлық қажетті мүмкіндіктер бар. Алдағы уақытта осы кандидаттардың саяси амбициясы парламенттік сайлау науқаны кезінде қалай жүзеге асатынын көреміз.
Айта кету керек, Қазақстандағы сайлау процесі ашық әрі әділ ұйымдастырылған. Ол ұлттық заңнамаға және халықаралық талаптарға сай өтті. Азаматтардың дауыс беруіне барынша қолайлы жағдай жасалды.
Н. Әшіров,
Түркістан облыстық мәслихат депутаты
Previous Post

Өзгерістер толқыны өміршең болсын

Next Post

Ынтымақ пен берекелі бірлігіміз жоғалмасын!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz