gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

21 ноября, 2022
in Қоғам
0
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Share on FacebookShare on Twitter
Құрметті Қазақ Елі!
Бүгін, міне, саяси науқанның қорытынды нәтижесі белгілі болып, кезектен тыс өткен Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасының үлкен басымдықпен жеңіске жеткеніне куә болудамыз.
Бұл жеңіс — Халықтың ортақ жеңісі! Жеңісіміз құтты болсын, ағайын! Осы орайда, еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өз үлесін қосқан әрбір қазақстандыққа басымды иіп алғысымды айтамын! Еліміз үшін тағдыршешті кезеңде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара біліп, бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісіп, ауызбіршілікті таныта алған қазағымның қашанда бірлігі бекем, ынтымағы берік болғай! Бұл Әділетті Қазақстанды таңдаудағы Ұлттық бірлік пен халқымыздың бір тудың астына жиналғандығының көрінісі! Жарқын болашақтың айқын нышаны!
Бұл науқанның біздің тарихымызда қалатыны сөзсіз. Науқан ерекше әділ, ашық өтті. Әрбір сайлаушыға өз таңдауын жасауына еркіндік берілді, ешкімге шектеу қойылған жоқ. Болашақ ұрпағының қамын ойлаған халқымыз өзінің ауызбіршілігін көрсете білді, таңдауын жасады. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Осы орайда, мемлекет басшысына амандық пен саулық, елін әділ басқаруда сәттілік тілеймін!
Ендігі кезекте Әділетті Қазақстанды бірге құрайық ағайын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев
Аманат партиясының Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы,
Түркістан қаласының мәслихат депутаты
Previous Post

Қуатты да Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Next Post

Сайлау бәсекесіндегі айқын жеңіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz