ҚР Парламенті Сенат депутаттарының сайлауы бойынша
іс-шаралар тізбесі бекітілді
Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарға
тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты
депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
2022 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Ортсайлауком) отырысы өтті. Отырыста «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.
——————————————
Отырысты аша отырып, Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2017 жылы сайланған Сенат депутаттарының Конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен Сенат депутаттарының кезекті сайлауы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалғанын атап өтті. Бұл жағдайда депутаттарды сайлау Сенат депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын тағайындалады және олардың өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Осылайша, 2023 жылғы 14 қаңтарда республиканың 20 өңірінде еліміздің жоғары заң шығарушы органының жоғарғы палатасының бір депутатын сайлау күтілуде.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Сенат Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әрбір облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.
Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар-мәслихат депутаттары жасырын дауыс берген кезде сайлайды, олар өз кезегінде Қазақстан Республикасының азаматтары жалпы сайлауда сайлайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл жағдайда жартысы үш жыл сайын қайта сайланады.
Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді Орталық сайлау комиссиясы басқарады. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары өңірлерде Парламент депутаттарының сайлауын әзірлек мен өткізуді қамтамасыз етеді.
—————————-
Сайлау науқанының негізгі кезеңдері туралы Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.
Осылайша, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 29 қарашадан бастап және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де, 2022 жылғы 14 желтоқсанда аяқталады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды мәслихаттар арқылы, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады.
Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсі бар адамды сот мойындаған адам кандидат бола алмайды.
Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттарын, Республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының мәслихатын білдіретін таңдаушылардың жалпы санының кемінде он пайызы, бірақ бір мәслихаттың таңдаушыларының жиырма бес пайызынан аспайтын дауысы қолдауға тиіс.
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де, яғни 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып сайлануға келісім беру туралы өтініші; кандидатты қолдау үшін таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті сайлау комиссиясының хаттамасы болған кезде жүзеге асырады; кандидаттың өмірбаяндық деректері; кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды; кандидаттың 900 000 теңге сомасында сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18-ден кейін және дауыс беру күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта, яғни 13 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады.
Сенат депутатын сайлауда дауыстарды санау нәтижелері дауыс беру үшін пунктте өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы сайлаушылардың бірлескен отырысында жарияланады және сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Ортсайлаукомға жіберіледі.
Жалпы республика бойынша Сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын Ортсайлауком сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей, яғни 2023 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей белгілейді және сайлау қорытындылары туралы (сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялайды.