gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

14 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен Түркістан қаласы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.
Облыс әкімінің орынбасары дүкен сөрелерінде бар тауарлар ассортиментімен мұқият танысты. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынды.
Мониторинг барысында бірқатар дүкендерде сүт және тауық өнімдеріне бағаның шамалы өсуі тіркелді. Бұл мониторингке облыстық басқармалар, департаменттер және қала әкімдігі қатысты.
Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін бірқатар тауар өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады.
Мониторингті қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Кенжеханұлы Ермек облыстық басқармалар мен қала әкімдігіне күнделікті дүкендерді аралауды, тауар интервенцияларын жүргізу бойынша жұмысты күшейтуді, дүкендердегі сөрелерде азық-түлік тауарлары қорының жеткілікті көлемін қалыптастыруды, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін делдалдарды анықтау бойынша жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жақын арада өндіруші кәсіпорындармен, жеткізушілермен және дүкен иелерімен мәжіліс өткізіледі.
Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс күнделікті бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылдануда.
Previous Post

Түркістан облысында «Үздік жастар премиясы» табыс етілді

Next Post

Түркістандық қазыналы қарттар мерекелік концертті тамашалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz