gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласында «Жыл үздіктері» марапатталды

28 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентау қаласында «Жыл үздіктері» марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Жыл үздігі-2022» атанған азаматтарды марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында қала әкімі Жандос Тасов өз салалары бойынша үздік атанып, еңбегімен танылған әр саланың өкілдерін құттықтады.
– Кентау – өндірісті қала. Қаланың қала болып қалыптасуына кенші ардагерлеріміздің үлесі орасан зор екенін білесіздер. Енді әсем қаламызды ары қарай дамыту – сіз бен біздің қолымызда. Сіздер секілді еңбекқор көшбасшылармен бірге қаламыздың жаңа дәуірін, Жаңа Қазақстанмен дамытамыз деп сенім білдіре аламын. Барша бүгінгі еңбек адамдарына алғыс білдіремін. Марапаттарыңыз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болсын! – деді Жандос Тасов.
Қала басшысы жылдың үздік белсенділері мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерін марапаттап құрмет көрсетті.
Жиында қалалық мәслихаттың хатшысы Талғат Балабиев жыл үздіктерін құттықтады. Жалпы 18 аталым бойынша үздіктер құрметке бөленді.
Қаламызды дамуына түрлі салада еселі еңбек еткен еңбек адамдарының мерейі тасыған кеште қаланың өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Еткен еңбектің бағаланып, құрметке бөленген сәттеріне қуанған көпшілік ризашылықтарын білдірді.

Previous Post

Төлебиде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды сайыс қорытындыланды

Next Post

Түркістан облысында 2022 жылы 14 медициналық нысан халық игілігіне берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz