gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында ұрланған 1900-ден астам қару әлі табылған жоқ

5 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қаңтар оқиғасында ұрланған 1900-ден астам қару әлі табылған жоқ
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Парламент Мәжілісінің кулуарында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару жайлы айтып берді.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта 4 мыңнан астам ұрланған қару табылды.
«Олардың басым бөлігі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында табылған. 500-ден астам схрон табылды. Ұрланған қарудың басым бөлігі Тараз және Талдықорған қалаларында болған. Бүгінгі таңда 1900-ден астам қызметтік және азаматтық қару әлі де табылған жоқ. Полиция қызметкерлері қаруды табу және тәркілеу бойынша белсенді шаралар қабылдап жатыр», деп нақтылады Санжар Әділов.
Оның айтуынша, бүгін депутаттар мен журналистердің назарына заттай дәлелдемелер мен оқ-дәрілердің үлгілері ұсынылды.
«Барлық даналар шынайы, бутафория жоқ. Бұл жерден автоматтарды, тапаншаларды және тіпті граната атқыштарды да көруге болады. Айта кетсек, көрмеде қарудың аз ғана бөлігі ұсынылған», деп қосты С. Әділов.

Previous Post

Кентау қаласының 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (бекіту сатысы)

Next Post

Қаңтар оқиғасы: Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық берген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz