gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

11 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі ішкі көшелерді қардан тазарту жұмысы тоқтаусыз, тәулік бойы жүргізілуде. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес жауапты мамандар мен коммуналдық сала қызметкерлері жолға инертті материалдар себу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Аймақтағы қалың қар басып, тұрғындарды әбігерге салған жағдайды тұрақтандыру үшін 75 техника тартылып, 200-ге жуық адам жұмылдырылған.
Ауа райының қолайсыздығы кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеуде. Қытымыр қыстың аязына қарамай жұмыла жұмыс істеп жатқан азаматтар халықтың ризашылығына бөленуде.
Қазіргі таңда Созақ, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Сауран аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында жолдар мен аяқжолдардан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары, сондай-ақ демалыс орындарының тазалығына баса назар аударылды. Бұған қоса, елді мекендерде ауыз су, электр желісі, газ саласы бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде өз жалғасын табады.
Previous Post

Арыста саябақтар мен гүлзарлар қардан тазалануда

Next Post

Түркістанда құрылыс компаниясының басшыларына ескерту жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz