gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы жылу орталығының жұмысы бақылауда

12 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы жылу орталығының жұмысы бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі жылу орталықтарының жұмысын бақылау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков қалалық №5 Жылу орталығының жұмыс барысын бақылады. Бүгінгі таңда Жылу орталығы бірқалыпта жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда Жылу орталығынан жылу талапқа сай беріліп тұр. Орталықта 5, 6, 7, 11, 12 қазандықтары жұмыс істеуде. Турбогенератор сағатына 5,5 МВТ электр энергиясын өндіруде. Резервте 8 қазандық бар. Жылу жүйесіне қажетті отындар жеткілікті. Күнделікті атқарылған жұмыстар қала басшылығының бақылауында. Жылу бойынша 109 байланысына келіп түскен арыз-өтініштермен мамандар жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, барлық коммуналдық салалар күшейтілген жұмыс режиміне өткен. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылу жүйесімен 346 көпқабатты және 2295 жеке тұрғын үй, 108 бюджеттік мекеме мен 441 коммерциялық нысан қамтылған.
Previous Post

Түркістан облысында биыл 750 шақырымға жуық жол жөнделеді

Next Post

Түркістандық еріктілер қар тазалап жүрген жұмысшыларға құрмет көрсетуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz