gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында сапалы жолдардың үлесі 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізіледі

10 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында сапалы жолдардың үлесі 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейтіндігін айтқан болатын. Осыған орай автомобиль жолдарының сапасына бақылауды күшейтуге бағытталған кешенді жоспар әзірленді.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, бүгінде автожол саласына қатысты бірқатар проблема орын алып отыр. Сол проблемалардың бірі – жол құрылысы материалдарының тапшылығы мен олардың бағасының қымбаттауы. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың аздығы және тағы басқа түйіткілдер бар. Біздің айтайын дегеніміз, бұл емес. Жолдың сапасы жайлы болмақ.

Түркістан өңірінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 92%-ға арттыру жоспарланып отыр. Жалпы, облыста сапалы жолдардың үлесі 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізілмек.

Осы мақсатта Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітілді. Жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Соның аясында «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының 70 шақырымын қайта жөндеу көзделген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бірінші кезекте аса маңызды жолдардың жөнделетінін айтады. Сала мамандарына соның ішінде ең қажетті деген автожолдардың тізімін дайындауды тапсырды.

– Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарында аса маңызды бағыттағы жолдардың құрылысына басымдық беріледі. Осы қағиданы ұстану керек. Республикалық, облыстық, аудандық және ауылішілік маңызы бар жолдар, яғни барлық деңгейдегі маңызы бар, уақыт күттірмейтін автожолдардың тізімін дайындау қажет. Көптен жөндеу көрмеген күре жолдар да жоспардан тыс қалмауы тиіс, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар 723,1 шақырым жолдың 94,8% — жақсы және қанағатты жағдайда, жергілікті маңызы бар 5 755,1 шақырым жолдың 89% — жақсы және қанағатты жағдайда, елдімекендердегі 11 009,6 шақырым жолдың 62% — жақсы және қанағатты жағдайда.Былтыр автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 53 млрд. теңгебөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 767 нысан немесе 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерді қамту жоспарланған болатын. Жыл соңында 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылды.

Бұйыртса, биыл 743,6 шақырымдық жол мен көшеге, сондай-ақ 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған бюджеттен 28,4 млрд.теңге бөлініп отыр.Тарқатып айтсақ, биыл облыстық маңызы бар 424,6 шақырым жол мен 2 көпір, аудандық маңызы бар 94,4 шақырым жол мен 3 көпір, сондай-ақ елдімекендердегі 220 көше мен 1 көпір жөндеуден өтеді.

Previous Post

«Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің биылғы жұмысы Түркістанда бастау алды

Next Post

Түркістан облысында жолды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz