gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды

16 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдіктеріне көктемгі су тасқыны мен селдің алдын алу бойынша тапсырма берген болатын. Берілген тапсырма аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Хайрулла Кеңесов тиісті жауапты мекемелердің басшыларымен Ақтөбе ауылдық округінде болды.
Өңірде қардың көп болуына байланысты су тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Яғни ауа райы күрт жылынып, жауын-шашын түскен жағдайда, өңірдің барлық ауылдарында еріген қардың салдарынан қиындық болуы ықтимал. Себебі 2008 жылы қардың қалың түсіп, ауа райының күрт жылынуынан Ақтөбе ауылдық округінің елді мекендерін су басып, шығынға батырған болатын.
– Ауданымыздың дені қырлы, жайылым алқаптарынан тұратынын ескерсек, жер бедеріне қатқан тоң, қар суының лезде сіңіп кетуіне кедергілер туындатады. Мұндайда ауылдық елді мекендер маңындағы қашыртқылардың тазалығына мән берген абзал, – деген Жәнібек Есенұлы қажетті техникалар сақадай сай болуын тапсырды.
Сала мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары нәтижесінде Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы үш нүктеден тасқын судан қауіп төнері айтылып, қажетті техникаларды ұйымдастыру үшін аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевқа тапсырмалар жүктелді. Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы елді мекендердегі жағдайды әр сәт сайын хабарлап отыруды және ауа райынан болатын келеңсіздікті алдын алу үшін нақты шараларды атқаруды тапсырды.
Қазіргі таңда су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл әкімдіктері бірқатар іс-шаралар атқаруда. Сырдария өзеніндегі жағдайға келер болсақ, өзеннің арнасы қатқан мұздар әр жерден еріп, ағып жатқаны көрінуде. Жағаға шығып жатқан су жоқ. Қазіргі таңда Сырдария өзенінде жағдай тұрақты. Ал Келес өзеніне тоқталсақ, мұндағы суға толық мұз қатпаған. Су өз деңгейінде ағып жатыр.
Previous Post

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Next Post

Темір жол вокзалдарының анықтама қызметіне қоңырау шалу тегін болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz