gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда шағын цех ашқан шеберлер кәсібін дөңгелетіп отыр

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Кентауда шағын цех ашқан шеберлер кәсібін дөңгелетіп отыр
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық окруігінде Әшірбаевтар отбасы шағын цех ашып, іске қосқан. Онда темірден барлық қажетті құралдар шығарылады. 2013 жылы екі станокпен бастаған олар, түскен табыстарына кәсібін ұлғайтқан. Бүгінде шағын цехта 10-нан астам станок бар. Темірден 100-ге жуық өнім түрін жасайды. Әсіресе, ауылшаруашылық саласы мен жол салатын техникаларды реттеу бойынша көп тапсырыс түседі. Темір шеберлері кез келген техниканы жөндейді. Үй ауласынан кәсіп ашқан ұсталардың айтуынша, бұл салада жұмыс істеу үшін арнайы мамандық иесі болу қажет.
–Жұмысшы санын арттыруды көздеп отырмын. Алайда техникалық мамандықты бүгінгі таңда оқитындар аз. Оқығанның өзінде де мұндай жұмыстарды бірден алып кете алмайды. Бұл жұмыс шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді. Сол себепті әкем екуіміз ғана жұмыс істеудеміз. Алдағы уақытта цехты ұлғайтатын болсам, оқу орындарынан жас мамандарды жұмысқа тартсам деген жоспарым бар, – дейді Р. Әшірбаев.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қабылдауында болған жас кәсіпкердің жұмысымен танысу мақсатында цехына арнайы барды. Қала әкімі цехты ұлғайтуға индустриялды аймақтан жер қарастыру жағын сала басшысына тапсырып, барынша қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Кәсіп иесі алдағы уақытта зауыт ашуды көздеп отыр.
Previous Post

Төлеби ауданында көпқабатты тұрғын үйлер көбейеді

Next Post

«Ордабасы нан» кәсіпорны күніне 450 тонна ұн өңдейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz