gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жылу маусымына жауаптыларға қызметтік тексеру жүргізіледі

19 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жылу маусымына жауаптыларға қызметтік тексеру жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Жылу беру маусымы — әр әкімнің қарым-қабілеті сынға түсер сәт. Барлық аудан, қала әкімдері мен жауапты басшылардың басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сын сағатында сүрінген барлық басшыларды қатаң сынға алды. Оған жол бергендерге қызметтік тексеру жүргізіліп, шара қаралады.
– Жылыту маусымына 100% дайын деп ақпарат берген едіңіздер, өкінішке орай шындыққа жанаспайды. Ал, жұмыс өз деңгейінде жүргізілмегіндігі анықталып отыр. Аудан, қалаларға көмір жеткізу толық шешілмеген. Тұрғындар, жылыжай иелері көмір тапшылығына және бағасына наразылық білдіруде. Қажетті көмір көлеміне орай басқармалар мен аудандардан жинақталған мәліметтер де дұрыс болмай шықты. Табиғи газ құбырғылары бойынша проблемалар туындауда. Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында газ құбырлар қатып қалып жатыр. Ауыз су құбырлары істен шығып, осы аптада 5 мыңға жуық абонент сусыз қалды. Арыс қаласының бірқатар тұрғындары жылу беру сапасына наразы. Кентау қаласындағы жылу орталығының екі қазандығы істен шықты. Жылу беру маусымында орын алып жатқан осы жайттарға байланысты барлық қала, аудан әкімдеріне аталған кемшіліктерді шұғыл жоюды тапсырамын. Оған жауапты энергетика басқармасының басшысына, Кентау қаласының әкіміне, осы салаға жауапты менің орынбасарама қатысты қызметтік тексеру жүргізілсін, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Previous Post

Жаңа қойылымда жас әртістерге басымдық беріледі

Next Post

Дархан Сатыбалды инвестиция тарту бойынша жоспарды орындамаған басшыларға тәртіптік шара көруді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz