gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастап тұр

20 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастап тұр
Share on FacebookShare on Twitter
Республикамыздағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің 12%-ы Түркістан облысына тиесілі. Еліміз бойынша тіркелген шаруа қожалықтардың 31%-ы күнгей аймақта. Облыстағы 74,2 мың шаруа қожалықта 184,6 мың адам жұмыс істейді.
Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, ал қой етінің 40%-ы — Түркістан облысының үлесінде. Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Жыл қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортталған.
2022 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 1036,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы — 396,9 млрд. теңге (99,7 %), өсімдік шаруашылығы — 632,8 млрд. теңге (101,4 %). Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылған.
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 123 ауыл округте 8,4 мың гектарды құрайтын 2911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Облыста қарқынды баулардың егіс алқабы 4,7 мың гектарды құрайды. Былтыр жылыжайлар 101 гектар алқапқа салынып, жалпы көлемі 1 569 гектарға жетті. Республикадағы жылжайлардың 71%-ы — Түркістан облысында.
Облыста мал шаруашылығының дамуы да елімізде жетекші орында. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%, ұсақ малдың 22,5%, жылқының 10,2%, түйенің 14,5% және өндірілген еттің 11,4%, сүттің 12,1% өңірдің үлесінде.
Previous Post

Қазығұртта табиғи тыңайтқыш өндіру дамып келеді

Next Post

Кентауда кітапханаға келуші оқырманның саны артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz