gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңа сайлау жүйесі – елдің мүддесі үшін жасалған батыл қадам

20 января, 2023
in Қоғам
0
Жаңа сайлау жүйесі – елдің мүддесі үшін жасалған батыл қадам
Share on FacebookShare on Twitter
Соңғы бір жыл ішінде еліміз сан түрлі оқиғаларды, саяси үдерістерді басынан кешті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа, Әділетті Қазақстанның» іргесін қалау туралы бастамасы жеміс беріп келеді.
Өткен жылғы басты саяси оқиғаның бірі — Жалпыхалықтық референдумда халық өз таңдауын жасап, Конституциямыз ел қалаған өзгерістер негізінде реформалануда.
Бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін жариялап, ел күткен маңызды өзгерістерге тоқталды. Референдум негізінде қабылданған жаңа заң жобасының талаптарына сәйкес алдағы наурыз айының 19 жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен қазіргі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттілігі тоқтатылды. Халық игілігін көксеген жаңа заң жобасының қағидасын ескере отырып, Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланса, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары да аралас жүйе арқылы мандатқа ие болады. Бұл – ел пікірінің ескеріліп, жалпыға бірдей таңдау мүмкіндігін туғызған тамаша шешім екені даусыз. Бұдан бөлек, өкілді билікке түрлі көзқарастағы, халықтық мүддені биік қоятын азаматтар келіп, азаматтық қоғамның дамуына жол ашпақ.
Сондай-ақ, бұл бастамалардың Президенттің өкілеттіліктерін күшейтуге емес, ықпалды Парламент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкіметті қалыптастырудың алғышарты екені айдан анық. Қалай десек те алдағы өзгерістер ел тарихындағы аса жауапты, маңызды кезең болары анық. Сөз жүзіндегі емес, халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақыт қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу арқылы жаңа белеске қадам басатын «Жаңа Қазақстанның» болашағы үшін әрбіріміз алдағы саяси науқандарда белсенділік танытып, қатысып, өз пікірімізді білдірейік. Бұл — біздің азаматтық, осы елдің ертеңіне алаңдайтын перзенті ретіндегі борышымыз.
Сәуле ДӘУЛЕТАЛИНА,
«Медина» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Previous Post

Кентауда кітапханаға келуші оқырманның саны артты

Next Post

Азаматтық қоғамның дамуына тағы бір қадам

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz