gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда өндірісті дамытуға мүмкіндік мол

22 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасыда өндірісті дамытуға мүмкіндік мол
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олар өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, электр энергиясымен жабдықтау салаларын қамтыған. Былтыр мұнда 21 млрд. 189 млн. теңгенің өнімі өндірілген. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 105,1 млрд.теңге болатын 6 жоба іске асырылды және 1 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. 9 айдың ішінде ауданға 26 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылған. Ордабасы ауданында 12  170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Өткен жылы инвестициялық құны 2 млрд. 254 млн. теңгені құраған және 82 жаңа жұмыс орнын ашқан 21 жоба (сауда орталығы, дәріхана, емдеу орталығы, тамақтану орны, май ауыстыру бекеті, жылыжай, жаңбырлатып суару, мал бордақылау алаңы және т.б.) іске асты. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 2022 жылдың 1-тоқсанында 13,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Жылдық жоспар – 105 млрд. теңгенің өнімін өндіру болатын.

Былтыр Бадам ауылдық округінде «Bokei» қыш зауыты іске қосылды. Тәулігіне 100 мың дана қыш шығаратын өндіріс орны «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған еді. Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалған заманауи қондырғылармен жабдықталған зауыт Түркістан облысымен қатар,  еліміздің өзге де аймақтарын сапалы кірпішпен  қамтуға  қауқарлы.  Жобаның  жалпы құны – 3 млрд. 200 млн. теңге. Қазір бұл өндіріс орнында 60 адам жұмыспен қамтылған.

Қара металдың көптеген түрінен құймалар шығаратын   «Karlskrona LC AB» зауытының өнім сапасы экспресс-­зерт­ханаларда тексеруден өткізіледі екен. Өндіріс орны «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған болатын. Жобаның құны – 868,2 млн. теңге. Мұнда 64 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 3 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Айта кетерлігі, «Karlskrona LC AB» машина жасау зауыты сусорғының түр-түрін, құбыр желісінің жабдықтары мен электртехникалық жабдықтар жасап шығаруда.

Ал, «Қазақ-түрік индустриалды аймағында» орналасқан «Green Technology industries» өндіріс орны полиэтилен бұйымдарын қайта өңдеумен, синтепон талшығын өндірумен айналысады. Жылына 15 000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Құрылтайшылар – қытайлық инвесторлар (49%). Инвестициялық құны – 6 млрд. 800 млн.теңге. Зауытта 250 адам жұмыспен қамтылған. Өнім ішкі нарықтан бөлек Ресейге экспортталады.

Облыс әкімі дархан Сатыбалды аудан кәсіпкерлерімен кездескенінде:

— Ордабасы ауданында өндірісті дамытуға мүмкіндік мол. Индустриалды аймақ қолайлы аумақта орналасқан. Біз индустриалды аймақты одан әрі кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар ашуға күш саламыз. Инфрақұрылым мәселесі толық шешіледі. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайынбыз, – деген болатын.

Бүгінде Ордабасы ауданында «Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Өндіріс орнының құрылысы 2020 жылы аяқталған. Зауыттың ІІ кезеңі биылғы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылған. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна шикізат өндіреді. Мұнда жоғары маркалы бензиннен бастап, бірнеше өнім шығарылады. 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардың орташа айлығы 120-150 мың теңгені құрайды. Көмір-химия зауытының әлеуетін мамандар жоғары бағалап отыр.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында «Бірыңғай индустрияландыру картасы» аясында 2022-2025 жылдары жалпы инвестициялық құны 105,7 млрд. теңге болатын және барлығы 1060 жаңа жұмыс орнын құрайтын 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Былтыр 3 жоба іске қосылды. Ал, «Бадам» индустриалды аймағында жалпы құны 21 млрд. 234 млн. теңгені құрайтын 6 жоба орналасқан. Ауданда өнеркәсіп саласында былтыр  9 айда 21 млрд. 190 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 804 млн. теңгеге, ал, нақты көлем индексі 0,3%-ға артты. Ордабасы ауданына 9 айда 26 млрд. 251 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 млрд. 955 млн. теңгеге көп. Соның ішінде жеке инвестициялар – 14 млрд. 851 млн. теңге.

Ауданда осындай ірі өндіріс орындарымен қатар, шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Айталық, Қажымұқан ауыл округінің тұрғыны Алтынай Башарқызы кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өз үйінен кондитерлік цех ашқан.Алтынай бағын бизнестен де байқап көруге байлам жасап,  2019 жылы   кәсіпкерлік негіздері бойынша арнайы курс бітіріп, «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы 555 мың теңге мемлекеттік грант ұтып алған екен. Сол қаржыға пеш және ас үйге арналған жабдықтар сатып алып, үйінде түрлі тәтті өнімдер дайындауды қолға алады. Уақыт өте келе өз өнімдеріне деген сұраныс артып келе жатқанын байқаған кәсіпкер халық көп шоғырланған орталық жерден «Алтынай тәттілері» атты дүкен ашады.

Ол өзімнің машықтанған кәсібім болған соң мемлекеттік бағдарламаны пайдалана отырып, осы істі түбегейлі қолға алғанды жөн көрдім дейді. «Осыдан бір жыл бұрын кәсіпкерлерді қолдау қорынан көпбалалы ана ретінде 4 пайызбен 4 млн. теңге несие алдым. Ол ақшаға «Алтынай тәттілері» кондитерлік өнімдер  дүкенін ашып,  қажетті құрал-жабдықтар мен техника сатып алдым, – дейді кәсіпкер келіншек.

Алтынайдың цехында торт, тәтті нан, кекс, тоқаш, самса сияқты кондитерлік өнімдердің түр-түрі шығарылады. Тапсырысқа қарай өнім түрлері де көбейіп келеді екен. Кәсіпкер әзірше 12-15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта аудан орталығынан тағы бір дүкен ашуды жоспарлануда.

Ал, енді Қанат Патеевшылаушан өсіріп те табыс табуға болатынын дәлелдеген кәсіпкер.Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында тұратын ол құрттар қураған жапырақ, малдың қиымен қоректенетін болғандықтан, бұл кәсіп анау айтқандай көп шығынды керек етпейтінін айтады.  Осыларды азық қылу арқылы жауынқұрттар биогумус деп аталатын биологиялық тыңайтқыш шығарады. Бұл егістікке аса қажетті тыңайтқыштардың бірі болып саналады. Осылайша шығыны аз, кірісі әжептеуір кәсіп түрін таңдаған Қанат бұл жерде мұрын қанайтындай жұмыс жоқ екенін айтады.

– Биогумус өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болғандықтан, оған сұраныс та жоғары. Ол топырақтың құнарын, құрылымы мен физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумуспен тыңайтылған топырақты қатарынан бірнеше жыл қолдануға болады. Жауын құрттарды қысқа дайындап қойдық. Бұл көктемде дайын болады. Ең бастысы – құрттарға қажет қалдықтарды ақша шығындап сатып алудың қажеті жоқ, ол кез келген жерден табылады. Құрттарға қорегін дер кезінде беріп, үстіне су себелеп қойсаң жетіп жатыр. Біреудің қорасына түседі, көршілерге зиянын тигізеді деген сияқты проблемалары да жоқ, – дейді Қанат Белесұлы.

Previous Post

Түркістанның дендросаябағындағы жасанды көлдің құрылысы биыл аяқталады

Next Post

Дархан Сатыбалды стратегиялық маңызды құрылыс нысандарын аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz