gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмылайық!

20 января, 2023
in Қоғам
0
Ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмылайық!
Share on FacebookShare on Twitter
VII шақырылымда сайланған Парламент Мәжілісі мерзімінен бұрын таратылып, мәслихаттардың өкілеттілігі тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы келелі Кеңесте кеңінен талқылап, нәтижесінде жаңа Жарлыққа қол қойды.
Енді алдағы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін болды. Мен Алаштың аманатына адал халық қалаулысы ретінде VII шақырылымнан басқа алдыңғы III шақырылымда да Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болып сайландым. Осы межелі мерзім аралығында өздеріңізбен сенімді серіктестік орнатып, өңіріміздің өсіп-өркендеуі және қоғам игілігі жолында қажымай-талмай қатар еңбек еттік.
Түлеген Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ жалпыхалықтық Референдум өткізу, Президент және Сенат сайлауы сынды мемлекетіміз үшін ең маңызды саяси науқандарды абыроймен атқарып, жақсы нәтижелермен жүзеге асыруға да әрбір әріптесімнің қосқан үлесі қомақты екенін мақтанышпен айта аламын. Сонымен қатар, елдігіміз сынға түскен қиын-қыстау кезеңдерде де қарапайым халықтың қалың ортасынан табылып, жанашырлықпен қызмет көрсеттік. Пайымы терең, парасаты биік халық қалаулысы тұлғасында ұлтымыздың тұтастығы мен көпұлтты халқымыздың бірегей бірлігін бекемдей түсуге де белсене атсалыстық.
Ел мұраты жолында үзеңгі қағыстыра қатар қызмет еткен әріптестеріме және бізге сенім артып, аманат жүктеген халқымызға ыстық ықыласпен риясыз ризалық білдіремін.
Ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмылған жұрттың келешегі кемел, болашағы жарқын боларына кәміл сенемін!
Нұралы ӘБІШЕВ,
Түркістан облыстық мәслихатының бірнеше шақырылым депутаты,
«Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Previous Post

Саяси партиялар үшін бәсекелестікте тең мүмкіндік тудырады

Next Post

Бұл сайлау - тиянақты зерделеуден кейін қабылданған маңызды шешім

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz