gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көмір саудасындағы заңсыздықтарға бақылау күшейеді

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Көмір саудасындағы заңсыздықтарға бақылау күшейеді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде жылыту маусымының өту барысы және көмір жеткізудегі өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көмір тасымалдаудағы кемшіліктер үшін бірінші орынбасарына, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшыларына сөгіс жариялады.
– Жексенбі күні жауапты министрлік, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және көмір тасымалына қатысы бар тұлғалармен бейнебайланыс арқылы жиын өткізіп, мәселені талқыладық. Түйткілдердің бәрі айтылды. Басқарма мен аудан, қала әкімдері өз жұмыстарын төмен деңгейде орындағандықтан халық, жылыжай иелері қиналып отыр. Сондықтан жауапты орынбасар мен басқармалар жылыжай иелерімен кездесіп, көмек беру жолдарын қарасын. Аудан, қала әкімдеріне жергілікті полициямен бірге делдалдардың, алыпсатарлардың жұмысын қадағалап, заң аясында шара көруді тапсырамын Делдалдық жүйеге жол берілмесін. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «ҚТЖ» компаниясымен көмірмен қамтамасыз ету бойынша тиісті келіссөздер жүргізсін. Біз өз тарапымыздан келіссөз жүргіздік, көмір бар, вагондар бөлуге келісіп отыр. Жұмысты дұрыс ұйымдастырыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысы жылу беру маусымы бойынша тұрақты мониторингтік жұмыс жүргізуді тапсырды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Облыста 7 аудан, қалаларда 24 орталықтандырылған жылу қазандықтары және 1 жылу электр орталығы бар. Облыс аумағында ауа-райының температурасы күрт төмендеп, орталық қазандықтардың кейбіреулерінде осал тұстары байқалған. Ол бойынша тиісті жұмыс жүріп, кемшіліктер жойылған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген көпқабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелерге жылу тұрақты берілуде.
Облысқа 907,6 мың тонна көмір қажет болса, тасымалданғаны – 835,5 мың тонна. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық салаға 249,2 мың тонна көмір керек болса, тасымалданғаны – 229,5 мың тонна. Бюджеттік мекемелер қажетті 142,6 мың тонна көмірмен қамтылған. Тұрғындардың көмірге қажеттілігі (жылы жайлар мен жеке тұрғын үйлер) – 658,4 мың тонна. Тасымалданғаны – 605,1 мың тонна. Алайда, бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, жылыжайларға тағы қосымша 139 мың тонна (қаңтар, ақпан айларына) көмір қажеттігі анықталған. Қосымша жылыжайлар саны да артып отыр.
Аппарат мәжілісінде осыған байланысты аудан, қала әкімдеріне қажетті көмір мөлшері бойынша нақты әрі дұрыс ақпарат беру, темір жол тұйықтарында немесе база, қоймаларда халықты тұрақты көмірмен қамтамасыз ету үшін көмір жеткізуші, сатушылармен тиісті жұмыстар атқару жөнінде тапсырмалар берілді.
Previous Post

Д.Сатыбалды: «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет»

Next Post

Түркістанда тұрғын үй саласына бағытталған инвестиция көлемі артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz