gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы жылу электр орталығын кеңейту бойынша инвестормен келіссөз жүргізілді

21 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы жылу электр орталығын кеңейту бойынша инвестормен келіссөз жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «QAZSMARTENERGO» ЖШС Бас директорының орынбасары Данияр Сейтеновті қабылдады. Кездесу барысында өңірде энергетика тапшылығын жою, атап айтқанда, Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығын кеңейтіп, қуаттылығын арттыру жолдары талқыланды.
– Кентау қаласындағы жылу электр орталығын жаңарту, кеңейту жұмыстары бойынша бірнеше инвестордан ұсыныс түсіп отыр. Біз халыққа және облысқа тиімді жобаны қабылдаймыз. Жоба жүзеге асқанда тұрғындар үшін тариф төмен әрі қолжетімді болуы тиіс. Екіншіден, жобаны мұхият зерделеп барып шешім қабылдаймыз. Алдағы уақытта тағы да кездесіп, нақтылай түсейік. Әділ әріптестік, адал жұмыс болғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
«QAZSMARTENERGO» ЖШС Бас директорының орынбасары Данияр Сейтенов жобаны қысқаша түсіндіріп, компания туралы мәлімет берді. Еліміздің бірнеше өңірінде энергетика саласында ірі жобаларды жүзеге асырғанын, Кентаудағы жылу орталығын дамытуға әлеует пен мүмкіндік жеткілікті екенін мәлімдеді. Аталған компания инвестор ретінде Кентау қаласында жылу орталығы базасында бу-газ станциясын салуды жоспарлап отыр. Қос тарап аталған жоба бойынша тағы да кездесіп, кеңірек талқылау жөнінде уағдаласты.
Previous Post

Түркістан облысында Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешенінің құрылысы басталады

Next Post

Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністі өзге өңірлерге жіберу жөнінде келісімшарт жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz